04 Қазан, 2016

Қысқа нөмір іске қосылды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына қоңырау шалатын 1418 қысқа нөмірін іске қосты. Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылар) күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қысқа әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады. Осы нөмірге еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді. 1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.