Бұл «ТЭМ 18»ДМ» маркалы локомотивтеріне Еуразиялық Топ (ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында қол жеткізді. Нәтижесінде бірден сегіз машинист көнерген тепловоздарынан анағұрлым жайлы әрі қуатты жүйесі бар машиналарға ауысты.
Жаңа тепловоздар Ресейден жеткізілді. Кәсіпорындағы цехтарға балқытылатын металл шикізатын, басқа да дайын өнімдерді жеткізеді. Заманауи локомотивтердің конструкциялық жылдамдығы сағатына – 100 шақырым. Жаңа техниканың ескіден айырмашылығы – гидравликалық емес, электрлік жүйені пайдаланады. Яғни, бұл жүйеде май мүлдем жоқ, көлік экологиялық тұрғыда қауіпсіз. Жалпы алғанда, жаңа тепловоздардың келуін ферроқорытпа зауыты асыға күтіп жүрді.
– Біздің зауыт кәсіпорындағы техниканы жаңартып, жаңғырту бағдарламасын қолға алды. Жаңа локомотивтерді пайдалануда білікті болу үшін біздің жұмысшыларымыз Брянск зауытына барып білімдерін жетілдіріп келді, – дейді зауыт директоры Сергей Прокопьев.
Ал заманауи техниканы меңгеріп үлгерген зауыттың темір жол цехының машинистері кабинадағы жұмыс орындарының жайлылығы мен тиімділігіне қуанышты. Онда кондиционер, тоңазытқыш, жайлы креслолар және дыбыс өткізбейтін ашылу жүйесі бар шыны пакеттер бар. Бұрынғыға қарағанда артықшылықтары көп.
– Кез келген жағдайда, біз әрқашан сақ болуымыз керек. Біздің және зауыттағы өзге де әріптестеріміздің қауіпсіздігі осыған байланысты. Сондықтан да қандай да қолайсыздықтарға көңіл бөлуге уақыт жоқ еді. Ал жаңа тепловоздарда бәрі ескерілген. Машинистің кабинасы – кішігірім пәтер, онда бәрі қол астында. Енді менің жұмыс орным ұшқыштың кабинасына ұқсайды – тетік үлкен дисплеймен, навигация жүйесімен, 30-дан аса параметрлерді көрсететін «Борт» автоматты бағдарламалық кешенімен жабдықталған. Мен енді су деңгейін, қысымды, дизель-генератор ішіндегі қажетті температура көрсеткіштеріне дейін бәрін нақты көріп отырамын, – дейді тепловоз машинисі Денис Ставров.
Бұл күндері зауыттың темір жол цехының құрамында жалпы саны 16 локомотив бар. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде технологиялық парк жыл сайын заманауи техникалармен толықтырылып келеді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше