Биылғы жылғы 30 қазанда еліміздің 30 сайлау округінде өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясынан алынған ақпаратқа қарағанда, сайлау науқаны барысында 101 кандидат ұсынылды, олардың 31-ін саяси партиялар, 70-сі өзін-өзі ұсынып отыр. Ұсынылған кандидаттардың 83-і ер адам, 18-і әйел. Олардың ішінде 31 кандидат Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 50-і партия қатарында жоқ, 20-сы партияға тиесілігін көрсетпеген.
Кандидаттардың ішінде 6 ұлттың өкілі бар, орташа жасы – 41 жас. Сондай-ақ, 84 кандидаттың жоғары білімі, 12-сінің орта кәсіптік білімі және 5-еуінің орта білімі бар. Кандидаттардың 43,6 пайызы – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 41,6 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 12,8 пайызы – саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның қызметкерлері, 2 пайызы – жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі кезде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркеу 4 қазанда, ал Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 5 қазанда аяқталады.
Бірінші қазан күнгі жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді. Тіркеу мерзімі аяқталған соң, тіркелген барлық кандидаттар 28 қазан күнгі сағат 24.00-ге дейін жүретін сайлауалды үгітке кіріседі. Ал 15 қазаннан бастап сайлау болатын округтердің сайлаушылары учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысып, олардағы өзі туралы мәліметтерді тексеріп және онда жіберілген дәлсіздектерді анықтаған жағдайда, түзетулер енгізе алады. Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтуде. Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25