04 Қазан, 2016

Тіл – татулық тұғыры

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізіліп жатқан жұмыстар тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.  Шараға Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орын­баса­ры Ғалымжан Мелдешов, Ш.Шаях­метов атындағы Тілдерді дамы­тудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов пен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы қатысты. Ғ.Мелдешов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, олардың барлығы тілдерді дамыту үшін  Қазақстан Рес­публикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дарламаның мақсатына сай ұйым­дастырылуда, дей келіп: «Биыл­ғы фестиваль мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне жаңа ақпа­­раттық технологияларды енгізу мақсатында «Tilalemi.kz» пор­талы және «Atau.kz» ономас­тикалық, «Emle.kz» орфогра­фиялық, «Termincom.kz» тер­минологиялық электрондық база­лары ашылды. «Тіл әлемі» порталының «Atau.kz» ономас­ти­калық, «Emle.kz» орфография­лық, «Termincom.kz» терминоло­гиялық сайтының іске қосылуы интернет кеңістігіндегі тілдік кон­тенттің көбеюіне, оны қолда­ну­шылар санының артуына,  мем­ле­кеттік тілді қашықтан үйре­­ну­шілер қатарының өсуіне кеңі­­нен мүмкіндік жасап, тіл са­ла­сындағы өзекті де өткір мәсе­лелерді тал­қы­лауға мүмкіндік бер­ді», – деді. Сондай-ақ, ол үстіміздегі жыл­дың 16 қыркүйегінде мемле­кет­тік қызметші жастар арасында «Тіл шебері» республикалық бай­қауы ұйымдастырылғанын атап өтті. Байқаудың мақсаты – жаһан­дық өркениет пен еліміздің даму бағы­тына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін жетік мең­герген, жан-жақ­ты білімді, өзінің саласында кәсі­би құзырлы мемле­кеттік қызметші жастарды анық­тап, қолдау көрсету болып табылады. Соңғы уақыттарда Абай шығар­машылығын насихаттау ар­қылы қазақтың тілі мен әдебие­тіне, мәдениетіне деген этнос өкіл­дерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің бірлігін нығайту мақ­сатында мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы, қазақ тілінде оқитын жастардың арасын­да орыс тілін оқуға деген құлшы­нысын жандандыру, риторикалық дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру, орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету мақсатында «Ой сана» орыс тілі білгірлерінің байқауы, сондай-ақ Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІІ республикалық байқауы өткізілді. Мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудар­машылардың біліктілігін арттыру мақсатында тамыз айында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік сағаттарының бірінші кезеңі өтті, екінші кезеңі қараша айында өткізілетін болады. Сонымен қатар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында «Қа­зақстанның болашағы – қа­зақ тілінде» жобасы аясында дөңгелек үстел, кездесу, брифингтер ұйым­дастырылды. Жо­баның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілі­нің мемлекеттік тіл ретіндегі мәрте­бесін көтеріп, Қазақстанда тұра­тын әртүрлі этнос өкілдерінің бір­лігі мен ынтымағының кепі­лі ретінде қазақстандық жас ұр­пақ­тың патриоттық тәрбиесі, ғы­лым-білім, жаңа технология саласындағы жетістіктері жайында сөз қозғау, пікір алмасу. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан»