Ресей Сирияға өте алыс қашықтықты көздейтін, қанатты зымырандарды атып құлата алатын, соңғы үлгідегі С-300В4 жүйесін жеткізді. Бұл ақпаратты lenta.ru басылымы Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Кешен өткен сенбі күні Сирияның Тартус қаласындағы әскери базаға әкелінген. Fox News хабарына қарағанда, бұл - С-300В4 кешенінің Ресейден тысқары жерге бірінші рет әкелінуі. С-300В4 қанатты зымырандарды құлатуға арналған, ал Сириядағы "Ислам мемлекеті", "Джебхат ан-Нусра" сияқты ұйымдарда қанатты зымырандар жоқ. Соған қарағанда Ресей Сирияда АҚШ пен оның одақтастарының шабуылынан қауіптеніп отыр деген жорамал жасайды телеарнаның хабарына қатысқан сарапшылар.
2015 жылдың қараша айында түрік әскери әуе күштері ресейлік әскери ұшақты атып құлатқан соң Ресей Латакия базасына С-400 әуе шабуылына қарсы жүйесін орналастыратынын ресми түрде хабарлаған болатын.
Ал кеше, яғни 2016 жылдың 3 қазаны күні АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирияда бейбітшілік орнату жөнінде Ресеймен арадағы келіссөздердің тоқтатылатынын мәлімдеді. Себебі Ресей өзінің міндеттемелерін орындамай отыр, "АҚШ-тың төзімі таусылды" деді ведомство өкілі Джон Кирби.
Егемен-ақпарат
• 04 Қазан, 2016
Ресей Сирияға ең соңғы үлгідегі зымыран кешенін жеткізді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше