Елімізде алғаш рет жасалған 3D лапароскопиялық операция сәтті өткенін «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.
Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесіп жасаған. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген.
Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Украина мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, жаңа әдіспен күрделі операциялар жасайды. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында мұндай шараның бірнешеуі жоспарда тұр. Ақтөбеде жыл басынан бері 4 рет бауыр алмастырудың ашық операциясы сәтті жасалды.
«Жалпы, кешеден бастап Ақтөбе қаласына 100-ден астам хирург келді. 8 шеберлік сағаты өтті, өңір тұрғындарына 35 аса күрделі операция жасалады», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Әйгерім ТОҚСАНБЕК
• 04 Қазан, 2016
Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операция жасалды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше