Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-тың жөндеу-механикалық зауытында жасап шығарылған жаңа өнімнің түрі «құйма қалақ» деп аталады. Технологиялық ыдыс Топ құрамына кіретін «Қазхром ТҰҚ» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәдесіне жарайды. Еуразиялық Топтың жөндеу қуатын дамытып, топішілік айналымды арттыру жобасын жүзеге асыру аясында ССКӨБ-те шығарылатын өнім түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік туып отыр. Оған ERG-дің жөндеу директораты мен «ERG Service» сервистік компаниясы және Топтың басқа да кәсіпорындарымен бірлесе көтерілген бастама мұрындық болды.
«Құйма қалақ» – төрт жағында ілмек тәрізді элементтері бар металдан құйылып жасалған бұйым. «Қалақ» Ақтөбе зауытындағы феррохром дайындаудың технологиялық үдерісінің ажырамас бөлшегіне айналады. Салмағы 3 тонна болатын осындай технологиялық ыдыстың алғашқысы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің Жөндеу-механикалық зауытында өндірілді. Бұл өндірісті іске қосу бірлестік мамандарының жан-жақты ізденісінің нәтижесі десе болады.
– Бірінші кезекте технологиялық және конструкторлық құжаттамалар жасалып, қалыпқа арналған жұмыс пен құрастыру сызбалары әзірленді, – деп түсіндірді зауыттың құю цехының технологы Татьяна Садчикова. – Механикалық өңдеу цехының металл құрастыру учаскесінде қалып пен қосалқы бөлшектер – қамыт, ілмек, бұранда, гайка, шайба жасалды. Құю цехының қолдан қалыптау учаскесінде «қалақты» қалыптау мен құю жүзеге асырылды. Суыған соң 18 сағат ішінде құйма қалыптан алынып газ пешке қыздырылып өңделеді. Тек содан кейін ғана қамытты бекіту үшін Жөндеу-механикалық зауытының ілмек пен құты жасау учаскесіне жіберіледі. Технологиялық ыдыс арнайы жасалған кестеге орай Ақтөбеге жөнелтілетін болады.
– Ақтөбе ферроқорытпа зауытында технологиялық ыдыстарды жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылады. Себебі, мұның технологиялық процестер мен адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсері бар, – дейді «Қазхром» ТҰҚ» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының технология жөніндегі өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары Дархан Айдаров. – Сондықтан біздің кәсіпорында ыстық феррохром құймаларын сақтауға арналған құйма қалақтар паркін жаңарту қажеттілігі туындағанда біз тек экономикалық көрсеткіштерді ғана емес, техникалық жағы мен сапасына көңіл бөлдік. Бұрын осы технологиялық ыдыс шетелден сатып алынатын. Сондықтан импортты отандық өніммен ауыстыру мақсатында Еуразиялық Топ кәсіпорындары арасынан осы өнімді жасауға қай кәсіпорынның мүмкіндігі бар екенін зерттедік. Осы тұста сапасы ешкімнен кем түспейтін өнімді бізге Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің мамандары ұсынды.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жылына 29 құйма қалаққа сұраныс жасайды.
– ERG кәсіпорындары осымен бірнеше рет бір-біріне нақты қолдау көрсетіп келеді. Жуырда біз Қазақстан электролиз зауыты үшін блюмстар шығара бастадық. Ал бүгін Еуразиялық Топтың басқа да компанияларымен байланысты нығайтуға тырысып отырмыз. Болашақта Ақтөбе ферроқорытпа зауыты үшін тағы да басқа екі түрлі құрал – 2,83 текше метрлік қожжинағыш пен 3 текше метрлік шөміш шығару жоспарда бар. Қазірдің өзінде осы бұйымдарды жасауға дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы қадамдардың барлығы өндіріс көлемі төмендеген қиын кезеңде зор мәнге ие. Себебі, бұлар нарықта отандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған, – дейді «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.
Ізденістер осылай ішкі нарықтың айналымын қамтамасыз етуде.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
РУДНЫЙ

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13