06 Қазан, 2016

Британия парламентшілерімен кездесті

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
daa_6564Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық топтың делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қауымдар палатасының депутаты Гизель Стюарт басқаратын бұл топқа Парламенттің қос па­ла­­та­сындағы түрлі саяси партия­лардың мүшелері, сондай-ақ тәуелсіз депутаттар енеді. Қ.Тоқаев екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететін Британия Парламентіндегі депутаттық топтың қызметін қолдайтынын айтты. Меймандардың өтініші бойынша Төраға Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған институттық реформаларды іске асыру барысы, сондай-ақ, еліміздің саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы әңгімеледі. Төраға реформалар кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үс­темдігін қамтамасыз етуге, ин­дус­трияландыру мен эко­номикалық өркендеуге, ұлт тұтас­тығын ны­ғайтуға, сондай-ақ транс­парентті жә­не есеп беретін мемле­кетті да­мы­­туға бағытталғаны туралы хабар­­дар етті. Екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары туралы айтқанда Қ.Тоқаев Қазақстан Президентінің өткен жылғы қарашада Лондонға ресми сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атады. Сенат басшысы Ұлыбри­та­нияның Еуропалық одақтан шығу үдерісі туралы өз пікірін біл­дірді. «Еуроодақ – біз үшін ірі сау­да-экономикалық әріптес, ал Ұлы­британия – Қазақстан эко­но­ми­касының негізгі инвестор­лары­ның бірі. Біз Лондон мен Брюс­сельдің тезірек оңтайлы шешім­ге келуіне және сауда-экономи­калық дамудың мейлінше қолайлы шарт­тарын даярлауына мүдделіміз», – деді Қ.Тоқаев. Британия Парламентінің де­пу­тат­тары Қазақстанның қазіргі за­­мандағы дамуына, Президент Н.На­зар­баевтың реформалар бағ­дар­ламасына және Қазақстан­ның сыртқы саяси басымдық­тары­на оң пікір білдірді, сондай-ақ, Қа­зақ­стан мен Британияның пар­ла­­менттік үнқатысуын жалғас­ты­ру­дың маңыздылығын атап өтті.