2015 жылғы 29 мамыр, Астана қаласы
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 169-бабының 12-тармағына сәйкес бұйырамын:
Қоса беріліп отырған Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
5) осы бұйрықты облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы №422 бұйрығымен бекітілген
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 169-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді және тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті реципиент – тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж пациент (тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды күтуші адам;
2) актуалды реципиент – тіннің (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауы жүргізілген пациент (бұдан әрі – актуалды реципиент);
3) иммунологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан әрі – HLA-жүйесі) – адам лейкоциттерінде орналасқан және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;
4) тірі донор – реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне ықпал ететін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті) адам;
5) мәйіттік донор – HLA бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) кейін транспланттау үшін алынған кадавер;
6) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі (бұдан әрі – реципиенттердің тіркелімі) – HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;
7) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі (бұдан әрі – донорлардың тіркелімі) – HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;
8) «кросс-матч» - реципиенттің және донордың тіндік үйлесімділігіне талдау.
3. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдері қамтитын дербес деректер құпия санатқа жатады.
4. Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдері:
1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде;
2) «Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдері» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
2. Реципиенттердің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу
5. Реципиенттердің тіркеліміне мәліметтерді енгізу транспланттаумен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
6. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдармен реципиенттердің тіркеліміне мәліметтерді енгізуге мониторинг жасайды.
7. Реципиенттердің тіркеліміне әлеуетті және актуалды реципиенттер туралы деректер енгізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолданыстағы ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде толтырылады.
8. Реципиенттердің тіркелімін жүргізу HLA-жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды мұқтаж ететін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу және өзектілендіру жолымен жүргізіледі.
9. Реципиенттер туралы мәліметтер:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіннің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағза бөлігінің) транспланттауын жүргізуге реципиенттің келісімі;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тін (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалар (ағзалар бөлігінің) реципиентінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің негізінде жүргізіледі.
10. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реципиенттер туралы ақпаратты өзектілендіру тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиентінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің негізінде жүзеге асырылады.
11. Реципиенттердің тіркеліміндегі әлеуетті (актуалды) реципиенттер туралы мәліметтер келесі жағдайларда:
1) әлеуетті (актуалды) реципиенттің қалауы бойынша;
2) әлеуетті (актуалды) реципиент қайтыс болған жағдайда;
3) тіннің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағза бөлігінің) транспланттауын жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда өзекті емес болып қалады.
3. Донорлардың тіркелімін қалыптастыру және жүргізу
12. Донорлардың тіркеліміне мәліметтерді енгізу транспланттаумен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
13. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдармен донорлардың тіркеліміне мәліметтерді енгізуге мониторинг жасайды.
14. Донорлардың тіркеліміне тірі және мәйіттік донорлар туралы деректер енгізіледі.
15. Донорлардың тіркелімін жүргізу тірі және мәйіттік донорлар туралы мәліметтерді енгізу және өзектілендіру жолымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолданыстағы ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде толтырылады.
16. Донорлар туралы мәліметтер:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіннің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағза бөлігінің) транспланттауын жүргізуге донордың келісімі;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің негізінде жүргізіледі.
17. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша донорлар туралы ақпаратты өзектілендіру тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің негізінде жүзеге асырылады.
18. Донорлардың тіркеліміндегі тірі донор туралы мәліметтер келесі жағдайларда:
1) донордың қалауы бойынша;
2) тірі донор қайтыс болған жағдайда;
3) донорлыққа медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда өзекті емес болып қалады.
19. Донорлардың тіркеліміндегі мәйіттік донор туралы мәліметтер келесі жағдайларда:
1) тін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігін) алудан жұбайы, жақын туыстарының біреуі немесе заңды өкілі бас тартқан жағдайда;
2) тін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігін) алу аяқталғандығы туралы мәлімет болған жағдайда өзекті емес болып қалады.
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі
1. Әлеуетті және актуалды реципиенттер жөніндегі жалпы мәлімет:
Р.с. № Тіркелімге енгізу күні ЖСН ТАӘ Туған күні Жасы Жынысы Бойы Салмағы Ұлты (көрсетілмеуі мүмкін) Әлеуметтік статусы және жеңілдік категориясы Тұрғылықты мекенжайы Тіркелген емханасы Байланыс ақпараты
Телефон нөмірлері, соның ішінде туыстары мен жақындарының (барынша көп байланыс нөмірлері) Электрондық пошта мекенжайы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
2. Актуалды реципиенттер жөніндегі мәлімет:
Емдеуші дәрігердің (бейінді маманның) ТАӘ және байланыс нөмірі Трансплантологтың ТАӘ және байланыс нөмірі Бастапқы (қайталама) транпланттау Донордың ЖСН Жүргізілген транспланттау түрі Трансплантталған тін (тіннің бөлігі), ағзалар (ағзаның бөлігі) Бақылау Имундықсупрессивтік терапия
туысқандық Эмоционалдық донордан мәйіттік оң бүйрек сол бүйрек бауыр бөлігі жүрек көздің қасаң қабығы басқа Актуалды реципиенттің күнделігінің болуы МСАК деңгейіндегі тексеріп-қарау тізбесі Транспланттың УДЗ Актуалды реципиенттің МСАК деңгейінде динамикалық бақылау картасы ДСИ-ның сызбасы ДСИ-гі өзгеріс
16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34
3. Әлеуетті реципиент жөніндегі мәлімет:
Диагнозы (ағзалық жетіспеушілігін, негізгі аурудың асқынуы, қосымша патология себептерін көрсету) Қан тобы, Rh факторы Иммунологиялық зерттеу Бактериологиялық зерттеу Объективтік статус туралы мәлімет ВГ-ге вакцинациялау туралы мәлімет Бұрын тіннің (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаның (ағзаның бөлігін) алу жүргізілген туралы мәлімет Донордың ЖСН (болған жағдайда)
«A» локусы «B» локусы «C» локусы «DR» локусы «DQ» локусы ИФА әдісімен PRA (%) деңгейі+талдауды алу күні Серологиялық әдіспен PRA (%) деңгейі+талдауды алу күні HLA – І және ІІ класс антиденелер «кросс матч» сынамасының нәтижесі+ талдауды алу күні Зәрдің бактериялық себіндісі+антибиотикке сезімталдық, аңқаның бактериялық себіндісі+антибиотикке сезімталдық
35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50
4. Бүйректің және бауырдың әлеуетті реципиенттері жөніндегі қосымша мәлімет:
Қанның ИФТ Қанның ПТР Қанның талдауы Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ, УДДГ) Құралдық зерттеу әдістері Гемо немесе перитонеалдық диализдің басталу күні*
HBsAg, HBsAb, HBcAb, AntiHCV, АИТВ, мерез IgG/IgM, цитомегаловирус IgG/IgM , Эпштейн-Барр вирусы IgG/IgM, токсоплазмоз IgG/IgM, кандида IgG/IgM, 1, 2 қарапайым герпес вирусы, көрсетілімдер бойынша 6, 8 типті қарапайым герпес вирусы, полиомавирус, парвовирус, Простатаспецификалық (PSA) антигені – 40 жастан асқан ерлерге көрсетілімдер бойынша пневмоцистер, 9/CA 125/CEA– CA 19-онкомаркерлері Сандық В, С гепатиті – көрсетілімдер бойынша, цитомегаловирус/Эпштейн-Барр вирусы/IgM оң болғандағы сандық қарапайым герпес вирусы қанның жалпы талдауы, жалпы ақуыз, альбумин, калий, натрий, жалпы және ионизирленген кальций, фосфор, сарысулық темір, билирубин, АСТ, АЛТ, жалпы амилаза, триглицеридтер, липопротеидтер, глюкоза, креатинин, несеп, глюкозаға толеранттылық тесті, паратгормон, ферритин, трансферин, С-реактивтік ақуыз Бүйрек, ішперде қуысы ағзаларының (әйелдердегі кіші жамбас ағзаларының), плевра қуысының , УДЗ, жамбастың кемік басы тамырының, құрсақ аортасының, бүйрек тамырының УДДГ ЭКГ, жүректің УДЗ, ЭФГДС, кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы, көрсетілімдер бойынша кіші абдоминалдық сегменттің компьютерлік томографиясы
54 52 53 54 55 56
Өңештің варикоздық кеңейтілген веналарының болуы** Кеуде клеткасының шеңбері** Іштің шеңбері** Ургенттілік**
0,95 креатинин мг/дл 0,37 билирубин мг/дл 1,12 ХҚҚ 0,643 MELD (PELD) Ургенттілік дәрежесі (жеделдік класы)
57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68
5. Әлеуетті жүрек реципиенттері жөніндегі мәлімет:
NYHA ФК INTERMACS деңгейі pro BNP BSA
69 70 71 72
Ескерту:
* Бүйрек реципиенттері үшін толтырылады.
** Бауыр реципиенттері үшін толтырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
ВГ-ге вакцинациялау – вирусты гепатитке қарсы вакцинациялау;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ИМТ – иммундықсупрессивті терапия;
ИФТ – иммунды ферментті талдау;
МСАК – медициналық санитариялық алғашқы көмек;
ПТР – полимераза тізбекті реакция;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
УДДГ – ультрадыбыстық доплерография;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;
ФК NYHA – Нью-Йорктың классификациялау бойынша кардиологиялық ассоциациясының New York Heart Associaation функционалдың класы;
ХҚҚ – Халықаралық Қалыптанған Қатынас – қанның қоюлану тиімділігін анықтайтын стандарт;
ЭФГДС – эзофагогастродуоденоскопия;
BSA – body surface area;
HLA – Human leucocyte antigen;
INTERMACS – Interagency Registry for Mechanically Assistet Circulatory Support;
MELD – Model for End-Stage Liver Disease;
PELD – Pediatric end-stage liver disease;
PRA – Panel Reactive Antibody (реактивтік антидененің панелі);
PSA – Prostat Specific Antigen;
pro BNP – B-type natriuretic propeptide (милық натрийуретиялық пептидтің пропептиді);
Rh фактор – резус факторы.
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің,
сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының
тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі
Р.с. № Тіркелімге енгізу күні ЖСН ТАӘ Туған күні Жасы Жынысы Ұлты Әлеуметтік статусы және жеңілдік категориясы Тұрғылықты мекенжайы Тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзалардың бөлігін) алуға келісу/келіспеу туралы мәлімет Тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзалардың бөлігін) алуға келісуді/келіспеуді қайтарып алу туралы мәлімет Байланыс ақпараты
Телефон нөмірлері, соның ішінде туыстары мен жақындарының телефон нөмірлері Электрондық пошта мекенжайы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Қанның талдауы Иммунологиялық зерттеу Биометрикалық көрсеткіштер Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ, УДДГ) Құралдық зерттеу әдістері Бактериологиялық зерттеулер Реципиенттің ЖСН
Қанның жалпы талдауы, жалпы ақуыз, калий, натрий, билирубин, АСТ, АЛТ, жалпы амилаза, жалпы кальций, глюкоза, креатинин, зәр, С-реактивті ақуызы «A» локусы «B» локусы «C» локусы «DR» локусы «DQ» локусы «кросс матч» сынамасының нәтижесі+ талдауды алу күні Бүйректің (бүйректің көлемін өлшеуімен), ішперде қуысы ағзаларының (әйелдердегі кіші жамбас ағзасының) УДЗ, құрсақ аортасының, бүйрек тамырының УДДГ ЭКГ, көрсетілімдер бойынша жүректің УДЗ, ЭФГДС, кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы, бүйрек тамырларының ангиографиясы (ангиорежимдегі компьютерлік томография), көрсетілімдер бойынша спирография, көрсетілімдер бойынша бүйректің нефросцинтиграфиясы Зәрдің бактериялық себіндісі+антибиотикке сезімталдық, тамақтың бактериялық себіндісі+антибиотикке сезімталдық
15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЛТ – аланинаминотрансфераза;
АСТ – аспартатаминотрансфераза;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
УДДГ – ультрадыбыстық доплерография;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;
ЭКГ – электрокардиография;
ЭФГДС – эзофагогастродуоденоскопия;
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің)
реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Тіннің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағза бөлігінің)
транспланттауын жүргізуге реципиенттің келісімі
Мен: реципиент (заңды өкіл) (астын сызу):
_______________________________________________________________________________________________
реципиенттің, (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
бола тұрып, (астын сызу): маған/мен заңды өкілі болып табылатын адамға ______________________________
______________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)
келесі емшараны: ________________________________________________________________________________
(емшараның атауын көрсету)
жүргізуге өзімнің келісімімді беремін.
1. Мен тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттаудың мақсаты, сипаты, қолайсыз әсерлері жөнінде хабардар етілдім, барлық дайындық және сүйемелдеуші ықтимал анестезиологиялық және хирургиялық іс-шаралармен келісемін.
2. Мен, маған тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағзаның бөлігінің) транспланттауы жүргізілетіні туралы хабардар етілдім.
3. Мен тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағзаның бөлігінің) транспланттауы кезінде күтпеген жағдайлар, қауіптер және асқынулар туындауы мүмкін екені туралы ескертілдім және ағзаның тіршілік әрекетінің кез келген жүйелері жағынан бұзылыстарға алып келу мүмкін екенін, бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру емес екенін түсінемін. Мұндай жағдайда, мен дәрігерлердің жоғарыда көрсетілген асқынуларды жоюға бағытталған барынша ықтимал емдеу әдістерін қолдануына келісім беремін.
4. Мен транспланттау жүргізілгеннен кейін тағайындалатын иммуносупрессивті терапияның мақсаты және көлемі туралы, сондай-ақ оны қолданудың салдары туралы хабардар етілдім.
5. Мен, өзімнің денсаулығыма (мен заңды өкілі болып табылатын адамның денсаулығына) байланысты барлық проблемалар:
тұқым қуалаушылық;
аллергиялық пайда болулар;
дәрілік препараттар және азық-түлік тағамдарын жеке көтере алмаушылық;
темекі бұйымдарын тұтыну;
алкогольді шектен тыс тұтыну;
есірткі заттарын шектен тыс тұтыну;
жарақаттар, операциялар, сырқаттар, анестезиологиялық құралдар;
тіршілік ету кезінде маған әсер етуші физикалық, химиялық немесе биологиялық жаратылыстағы экологиялық және өндірістік факторлар;
қолданып жатқан дәрілік заттар туралы дәрігерді хабардар етемін.
6. Менің дәрігерге кез келген сұрақтарды қоюға мүмкіндігім болды және барлық сұрақтарға барынша толық жауап алдым.
7. Мен осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым және олармен келісемін, сонымен бірге реципиенттердің тіркеліміне менің деректерімді енгізуге келісімімді растаймын.
Өтініш берушінің қолы: ___________ Толтырылған күні: __ / ________ / 20__ ж.
(пациент немесе заңды өкілі)
Дәрігер: _____________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы: _______________
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің)
реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағза (ағзаның бөлігі)
реципиентінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі
Мен: реципиент, (заңды өкілі) (астын сызу):
_______________________________________________________________________________________________
реципиенттің, (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
бола тұрып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға өзімнің келісімімді беремін.
Өтініш берушінің қолы: ___________ Толтырылған күні: __ / ________ / 20__ ж.
(пациент немесе заңды өкілі)
Дәрігер: ______________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы: _______________
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің)
реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Тіннің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағза бөлігінің) транспланттауын жүргізуге донордың келісімі
Мен: донор, (заңды өкіл) (астын сызу):
_____________________________________________________________________________________________
донордың, (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
бола тұрып, (астын сызу): маған/мен заңды өкілі болып табылатын адамға _______________________________
_____________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)
келесі емшараны: _____________________________________________________________________________
(емшараның атауын көрсету)
жүргізуге өзімнің келісімімді беремін.
1. Мен тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттаудың мақсаты, сипаты, қолайсыз әсерлері жөнінде хабардар етілдім, барлық дайындық және сүйемелдеуші ықтимал анестезиологиялық және хирургиялық іс-шаралармен келісемін.
2. Мен, маған тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағзаның бөлігінің) транспланттауы жүргізілетіні туралы хабардар етілдім.
3. Мен тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзаның (ағзаның бөлігінің) транспланттауы кезінде күтпеген жағдайлар, қауіптер және асқынулар туындауы мүмкін екені туралы ескертілдім және ағзаның тіршілік әрекетінің кез келген жүйелері жағынан бұзылыстарға алып келу мүмкін екенін, бұл денсаулыққа қасақана зиян келтіру емес екенін түсінемін. Мұндай жағдайда, мен дәрігерлердің жоғарыда көрсетілген асқынуларды жоюға бағытталған барынша ықтимал емдеу әдістерін қолдануына келісім беремін.
4. Мен транспланттау жүргізілгеннен кейін тағайындалатын иммуносупрессивті терапияның мақсаты және көлемі туралы, сондай-ақ оны қолданудың салдары туралы хабардар етілдім.
5. Мен, өзімнің денсаулығыма (мен заңды өкілі болып табылатын адамның денсаулығына) байланысты барлық проблемалар:
тұқым қуалаушылық;
аллергиялық пайда болулар;
дәрілік препараттар және азық-түлік тағамдарын жеке көтере алмаушылық;
темекі бұйымдарын тұтыну;
алкогольді шектен тыс тұтыну;
есірткі заттарын шектен тыс тұтыну;
жарақаттар, операциялар, сырқаттар, анестезиологиялық құралдар;
тіршілік ету кезінде маған әсер етуші физикалық, химиялық немесе биологиялық жаратылыстағы экологиялық және өндірістік факторлар;
қолданып жатқан дәрілік заттар туралы дәрігерді хабардар етемін.
6. Менің дәрігерге кез келген сұрақтарды қоюға мүмкіндігім болды және барлық сұрақтарға барынша толық жауап алдым.
7. Мен осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым және олармен келісемін, сонымен бірге донорлардың тіркеліміне менің деректерімді енгізуге келісімімді растаймын.
Өтініш берушінің қолы: ___________ Толтырылған күні: __ / ________ / 20__ ж.
(пациент немесе заңды өкілі)
Дәрігер: ______________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы: _______________
Тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің)
реципиенттерінің, сондай-ақ тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) донорларының тіркелімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағза (ағзаның бөлігі)
донорының дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі
Мен: донор, (заңды өкілі) (астын сызу):
_____________________________________________________________________________________________
донордың (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
бола тұрып, транспланттау үшін қажетті менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға өзімнің келісімімді беремін.
Өтініш берушінің қолы: ___________ Толтырылған күні: __ / ________ / 20__ ж.
(пациент немесе заңды өкілі)
Дәрігер: ______________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қолы: _______________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11477 болып енгізілді.