06 Қазан, 2016

Пробация туралы заңға өзгерістер талқыланды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Ішкі істер министрлігі Еуропалық одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен «Үкіметпен ашық диалог – «Пробация туралы» және осы мәселені қамтитын кейбір заңдарға өзгерістер енгізу жобаларын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Заңгерлер, ассамблея мүшелері, мем­лекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қо­ғам белсенділерінің, сондай-ақ, тиіс­ті ведомстволардың өкілдері қатыс­­қан жиын мақсаты – еліміз­дің қыл­мыс­тық атқару жүйесін одан әрі ізгі­лендіру бо­лып табылады. Осылай­ша, бұл қыз­метті халықаралық талап­тарға мей­лін­ше жақындату да көз­деледі. Оған қоса, айыпталушы­лар­ды қайта әлеуметтендіру үдерісін жоға­ры­лату ар­қылы сотқа дейінгі және пени­тен­циар­­лық пробацияны енгізу жүйесі де осы заң аясында шешімін таппақ. Яғ­ни, бұл жерде негізгі басымдық сот­­тал­­ғанды үкім шыққан күннен бас­­тап қоғамға бейімдеу екендігін ескерген жөн. Жалпы, пробация қызметі елімізде 2012 жылы енгізілгенімен, бұл қызмет­ке байланысты заңның жаңа жобасы осы күндері өңірлерде жан-жақты тал­қы­ланып, түсіндірілуде. Мамандар оны қол­данудың қолайлығымен оң нәти­жесі орасан зор болып тұрғанын айтады. Бұған дәлел соңғы жылдарда бір рет қылмыс жасап, онысын қай­талағандардың саны күрт кеміген. Айта кетейік, пробация қызметі ар­қы­лы сотталғандарға әлеуметтік-құқық­тық көмек те көрсетіледі. Сон­дай-ақ, түзеу мекемелерінде өзін жақсы көрсеткендер мен қоғам­дық жұмыс­тар­ға белсенді аралас­қан­дардың уақы­тынан бұрын бостан­дық­қа шығу мүм­кіндігі де басты назарға алынады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»