12 Қазан, 2016

Қарияларға құрмет

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
img_9226Алматыдағы қамкөңіл қария­лардың алғысын алуға асыққан мекеменің бірі – Жалғызбасты зейнет­керлерге, мүгедектерге, егде жастағы ерлі-зайыптылар мен жалғыз қалған отбасылық жұп­тарға арналған әлеуметтік үйі. Қазы­на­лық мемлекеттік мекеме болып табылатын бұл жерде үлкен кісі­лер­дің көңілін аулайтын түрлі шара­лар өтіп жатады. Соның ішінде Қарттар күніне арнап Құр­ман­­ғазы атындағы Қазақ ұлт­тық кон­серваториясының жас орын­дау­­шы­лары классикалық кеш өт­кіз­г­ені көпке дейін есте қалатын болады. Үлкен кісілерге қуаныш сый­лаған концертке «Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консер­ваториясы» РММ мен «Классика» музыкалық агенттігі ұйытқы болды. Бұл бастамаға «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жоба­лар­ды дамыту қоры да қолдау көрсетті. «Біздің қарттар үйінде аса қым­батты жандар тұрады. Бұл адам­дар бір кездері Алматы қала­сы­ның дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан. Қарияларымызға ерек­ше күнді сыйлаған тәрбиелі де та­лантты жастарға ата-әже­лерін­дей адамдардың берген батасы мол. Өзіміз де жалғызбасты зейнет­кер­лерге әрдайым мерекелер ұйым­дас­тыруға күш саламыз. Үлкен адамдармен жұмыс жасау біз үшін үлкен мәртебе, өйткені олар біздің өмірімізді жақсартуға ғұмырларын сарп етті. Біздің қарттар үйінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері де тұрады. Біз оларға тыныш өмір сыйлауға міндеттіміз. Оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілей­міз», – дейді әлеуметтік үйдің директоры Анаргүл Оспанова. Концертте Ықылас, Н.Тілен­диев, А.Шалаев, А.Бабад­жанян шығармалары мен джаз та­қы­рыптарына жазылған импровизациялар орындалды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ