12 Қазан, 2016

Ұлттық арнадан «Серпіліс» бағдарламасын көріңіздер

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  arna «Қазақстан» ұлттық телеарнасында әр аптаның жексенбісінде  мемлекет және қоғам қайраткерлері «Серпіліс» саяси ақпараттық-аналитикалық бағдарламасында өзекті, әрі маңызды мәселелерді қозғайды. Бағдарламада сан алуан сұрақтардың түйінін тартқатуға белгілі қоғам қайраткерлері Амангелді Айталы, Әділ Ахметов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Төлеутай Сүлейменов, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сынды азаматтар қатысқан болатын. Одан басқа студияда вице-министрлер, парламент депутаттары, көршілес мемлекеттердің үкімет өкілдері, Төтенше және өкілетті елшілер, саясаттанушылар салиқалы ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп келеді. Бір жылдан астам уақытта  көрерменге жол тартқан телевизиялық жобаның 40-тан астам эфирі шыққан. Осы аралықта бағдарламаның жүргізушісі, елге танымал Мұрат Әбенов көптеген көкейтесті мәселелерді жүйелі түрде талқыға алды. «Көші-қон барысы көңілден шыға ма?» «Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу», «Ауылдағы кәсіпкерлерді қалай қолдаймыз» сияқты тақырыптарды қаузай отырып, зайырлы мемлекет ретінде дамуға кедергі келтіретін қоғамдық, құқықтық, азаматтық қатынастардан туындайтын проблемаларды шешудің жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, 45 минуттық бағдарлама сарапшылардың көзқарастарынан бөлек халықтың ой-пікірінің жеткізілуімен, көтерілген түрлі тақырыптарға тұздық болатын статистикалық мәліметтер мен сюжеттер берілуімен ерекшеленеді. Кезекті бағдарлама «Отандық брендті қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында өрбиді. 23 қазан күні сағат 22:30-да «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан жіберіп алмаңыздар!