01 Наурыз, 2011

Адуынды арландар мен алып айдаћарлар

395 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Осы күндері Бүкіләлемдік бокс сериясы бойынша кәсіпқой бокстан Азия, Еуропа, Америка құр­лықтарында үш топқа бөлін­ген­ 12 команданың арасында Олим­пиа­даға жолдама беретін жарыс­тар жалғасуда. Оған Азия құрлығынан қа­тысып жатқан «Astana arlans» (Қа­зақстан), «Poseidons pohang» (Корея), «Beijing dragons» (Қы­тай) пен «Baku fires» (Әзірбай­жан) командалары жексенбі күні кезекті жекпе-жектерін өткізді. Осы күні «Baku fires» боксшы­лары Оңтүстіккореялық коман­да­ны қабылдап, 5:0 есебімен басым түссе, сол күні Астанадағы «Дәу­лет»  спорт кешенінде керілген шар­шы алаңда «Астана арлан­дары» қытайлық «айдаһар­лар­мен» кездесіп, оларды дәл осын­дай есеппен жеңді. Бұл кездесуде Қазақстан жағынан шаршы алаң­ға шыққан 54 кг. салмақтағы Міржан Рақымжанов, Ержан Мү­сәпіров (61 кг.), Қанат Сіләм (73 кг.), Марат Молдагереев (85 кг.) және ең ауыр салмақтағы Сардор Абдуллаев қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты. Осы жек­пе-жектердің ішінде ең қы­зықтысы 61 және 73 кг. салмақтағы бокс­шылардың кез­десуі болды. «Ас­тана ар­лан­­дарын­да» ал­ғаш­­қы кездесуінен бастап ма­ман­дардың кө­зі­не түск­ен Ержан Мүсәпіров бұл жолы да жанкүйерлердің үмітін ақтады. Бұған дейін төрт жекпе-жектің бәрін таза ұтқан Ержан қы­тайл­ық Фанг Лидің бес раунд бойы екі аяғын бір етікке тықты десе болады. Сөйтіп, кездесудің үшінші раундынан бастап төрт бұрыш­қа тығыла бастаған Лиді Мүсә­пі­ров қуып жүріп сабады. Қысқасы, Ержанға қытайлық боксшы ла­йық­ты қарсылық таныта алмады. Осы жекпе-жекке дейін Бүкіл­әлем­дік бокс сериясы командалық лигасының рейтингінде екінші орында тұрған Мүсәпіров осы жеңістен кейін өз орнын сақтап қалады деп ойлаймыз. Бұдан кейін шаршы алаңға көтерілген Қанат Сіләмға Оңтүстік Амери­каның ең үздік боксшысы Лима Педромен қолғап түйістіруге тура келді. Бұл кездесудің алдында рей­тингіде 19-шы орынға жайғас­қан Қанат бір қарсыласынан жеңіліп, екіншісін ұтқан болатын.   Ал Лима Педроның рейтингісі үшінші орын, оның үстіне ол төрт рет қарсыластарының бәрін тізе бүктірген еді. Бірақ, осы жекпе-жекте бразилиялық боксшыға жеңістің дәмін татуға бұйырмады. Біздің Қанат бірінші раундтан бастап өзіне сенімді екенін, өзіне қарсы келген боксшылардың бә­рін оңдырмай ұтуға тырысат­ы­нын көрермендерге көрсетіп берді. Сөйтіп, кездесуде төрешілер­дің бәрі Қанаттың сөзсіз жеңгенін мойындап, жеңісті қандасымыз­дың қолына ұстатты. Осы кеште 85 және аса ауыр салмақта қолғап түйістірген Марат Молдагереев пен біздің команда сапында жүрген өзбек­стан­дық Сардор Абдуллаев ел қоржы­нына тағы екі жеңісті сыйлады. Енді «Астана арландары» келесі кездесуін 12 наурыз күні әзір­байжандық командамен, ал 19 наурызда кореялық боксшылар­мен өткізеді. Дастан КЕНЖАЛИН. Суреттерді түсірген: Орынбай БАЛМҰРАТ.