Мәселенің мәнісі мынада. Ауыл адамының күнделікті шаруасы мен қам-қаракеті таусылған ба?! Тірліктің осындай қамымен Ілбішін ауылы тұрғындарының бірі үйіне су құбырын өткізу үшін оның айналасын қаза бастайды. Бір кезде үй иесі топырақтың арасында жатқан бір жағы тік, екінші ұшы үшкір, дөңестеу келген белгісіз затқа тап болады. Содан соң бұл өзі жарылғыш зат емес пе екен деп сәл ойланып қалады да, сақтық жасап, жергілікті полицияға хабар береді. Оның күдігі расқа шығады.
Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен алынған дерек ауыл тұрғыны тап болған шағын сопақша зат азамат соғысы кезінде жарылмай қалған снаряд екенін айғақтап отыр. Ауыл азаматы үйінің іргесінде жатқан снарядтың ұзындығы 32 сантиметр, ал диаметрі 76 милиметр болып шықты. Бұдан соң жарылғыш затты арнайы мамандар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, залалсыздандырды.
Осы арада айта кетерлік тағы бір жәйт – Ілбішін жоғарыда айтылғандай азамат соғысы деп аталған жылдарда қиян-кескі шайқастардың орталығы болғаны. Бұл арада анекдоттардың аты аңызға айналған кейіпкері Василий Чапаевтың белгілі №25 дивизиясы орналасқаны әрі оның осы маңда жаралы күйінде Жайықтың арғы бетіне жүзіп жете алмай суға батып мерт болғаны тарихи деректерден белгілі.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Ілбішін ауылы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18