20 Қазан, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №800, №718

423 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Энергетика министрлігі 2015 жылғы 28 желтоқсан №800 Астана қаласы 2015 жылғы 14 желтоқсан №718 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексеру субъектілеріне қатысты тексеру парағы бекітілсін. 2. «Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11823 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Энергетика министрінің міндетін атқарушы ________________ Е. Досаев _____________ Ұ. Қарабалин «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы _____________ С.Айтпаева 2015 жылғы 28 желтоқсан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 800 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 718 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №722 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12389 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді. 2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) болмашы бұзушылықтар – жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік бір рет мерзімінде ұсынбаумен; қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылмауымен; ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есепті жолдамаумен; теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған хабарламаның болмауы және (немесе) оның талаптарын сақтамауымен байланысты бұзушылықтар; 2) елеулі бұзушылықтар – жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік екі рет мерзімінде ұсынбаумен; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының міндеттейтін (міндетті, қажет, тиіс, қажет) нормаларын сақтамаумен; теңізде және ішкі суларда мұнай операцияларын жүргізуге рұқсаттың болмауы және (немесе) рұқсат шарттарын сақтамаумен; бақылау астындағы субъектіге расталған шағым немесе арыз фактісінің болуымен байланысты бұзушылықтар; 3) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы, мұнай-газ секторының дамуының төмендеуіне, мұнай мен газдың өндірң жоспарланған деңгейіне жетпеу ықтималдылығы; 4) өрескел бұзушылықтар – жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік үш немесе одан да көп рет мерзімінде ұсынбаумен; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының тиым салатын (тиым салынады, жол берілмейді) нормаларын сақтамаумен; бақылау астындағы субъектіге расталған екі не одан да көп шағымның немесе арыздың болуымен байланысты бұзушылықтар; 5) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені; 7) тексерілетін субъект - мұнай, газ және мұнай-газ конденсатын барлауды және өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; сонымен қатар мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды жүщеге асыратын заңды және жеке тұлғалар. 3. Мұнай операцияларын жүргізу саласында ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады. 2. Субъективті өлшемшарттар 4. Субъективті өлшемшарттар: 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау; 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 5. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау мынадай ақпарат көздерінен жүзеге асырылады: 1) тексерілетін субъект «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi» интеграцияланған ақпараттық жүйесi арқылы ұсынатын есептілікті мониторингілеу нәтижелері (бұдан әрі – есептілікті мониторингілеу нәтижелері); 2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді; 3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны. 6. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін келесі тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады. Тексерілетін субъектіге бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 теңеледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі. Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштердің бұзушылықтары бойынша қосынды мәні есептелінеді. Елеулі бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 мұндағы: ΣРз – елеулі көрсеткіштердің мәні; ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны; ΣР2 – елеулі бұзушылықтардың анықталған саны. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін анықтаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 мұндағы: ΣРн – болмашы көрсеткіштердің мәні; ΣР1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны; ΣР2 – болмашы бұзушылықтардың анықталған саны. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады: ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы: ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші. Субъективті өлшемшарттар осы өлшемшарттарға қосымшада келтірілген. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға: 1) 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне; 2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады. Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспайды. Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына бір рет келесі жылдың бірінші сәуіріне дейін жүргізіледі. Талдау кезеңі болып өткен жыл табылады. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысымен бекітілген жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сәуірінен бастап келесі жылдың сәуіріне дейін есептік кезеңге қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Ішінара тексерулер тізімі тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі. Ішінара тексерулердің тізімдері: субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын; мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады. Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары Ақпарат көзі Өлшемшарттар Бұзушылық дәрежесі Есептілікті мониторин-гілеу нәтижелері Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік үш және одан көп рет мерзімінде ұсынылмады Өрескел Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік екі рет мерзімінде ұсынылмады Елеулі Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік бір рет мерзімінде ұсынылмады Болмашы Бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді) Іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру бойынша жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген (қабылданған) іздестіру жұмыстары жобасынсыз, бағалау жұмыстары жобасынсыз және өндіру жұмыстары бойынша жобалық құжаттарсыз жүргізу бойынша салынған тыйымды сақтау Өрескел Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алауда жағу бойынша салынған тыйымды сақтау Өрескел Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге жобалық құжаттар мен технологиялық сызбалар ережелерін, мұнайды, газды, конденсатты, газконденсатын, сұйықтықты, ұңғыма фонды, ұңғыма бұрғылау, ұңғыма бұрғылаудан шығару, сулану, ұңғыма өнімін дайындау мен жинау жүйесі, қабатты қысымды қолдау жүйесі бөлігінде сақтау Елеулі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10456 болып тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасында көрсетілген мәліметтерді беру бойынша талапты сақтау Елеулі Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есепті беруді жөніндегі міндеттерді сақтау Елеулі Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша тыйымды сақтау Өрескел Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын қарастыру міндетін сақтау Елеулі Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізуді пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүргізу бойынша міндетті сақтау Елеулі Қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асыру Болмашы Жер қойнауын пайдаланушылардың келер жылға арналған тауарларды, жұмыстар­ды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағдарламаларын беру міндетін сақтау Елеулі Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есепті жолдау Болмашы Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру бойынша міндетті сақтау Елеулі Расталған шағымдар мен арыз-дардың болуы және саны Екі және одан да көп расталған шағым немесе арыздың болуы Өрескел Расталған шағым немесе арыз фактісінің болуы Елеулі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 800 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 718 бірлескен бұйрығына 2-қосымша Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексеру парағы (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы) Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________ ____________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ______________________________ ____________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН________________________ ____________________________________________________________________ Орналасу орны ______________________________________________________ ____________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етіл-мейді Талаптар-ға сәйкес келеді Талаптар-ға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 Мұнай және газ кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру кезінде мұнай операцияларын жүргізу саласындағы бақылау субъектілеріне қатысты 1. Іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру бойынша жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген (қабылданған) іздестіру жұмыстары жобасынсыз, бағалау жұмыстары жобасынсыз және өндіру жұмыстары бойынша жобалық құжаттарсыз жүргізу бойынша салынған тыйымды сақтау 2. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алауда жағу бойынша салынған тыйымды сақтау 3. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге жобалық құжаттар мен технологиялық сызбалар ережелерін, мұнайды, газды, конденсатты, газконденсатын, сұйықтықты, ұңғыма қорын, ұңғыма бұрғылау, ұңғыма бұрғылаудан шығару, сулану, ұңғыма өнімін дайындау мен жинау жүйесі қабатты қысымды қолдау жүйесі бөлігінде сақтау 4. Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10456 болып тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасында көрсетілген мәліметтерді беру бойынша талапты сақтау 5. Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есепті беруді сақтау 6. Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша тыйымды сақтау 7. Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын қарастыру міндетін сақтау 8. Теңізде және ішкі суларда мұнай операцияларын жүргізуге рұқсаттың болуы және рұқсат шарттарын сақтау 9 Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізуді пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүргізу бойынша міндетті сақтау 10. Қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салуды белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асыру. 11. Жер қойнауын пайдаланушылармен келер жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағдарламаларын беру міндетін сақтау 12. Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есепті жолдау 13. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған хабарламаның болмауы және (немесе) оның талаптарын сақтау 14. Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру бойынша міндетті сақтау Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланушы заңды және жеке тұлғаларға қатысты 15 Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар); магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы болуы тиіс 16 Диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы 17 Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіптік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін: кәсіптік зерттеулер және геофизикалық жұмыстар – ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр; сейсмикалық барлау жұмыстары – сейсмикалық станциялар немесе басқа сейсмикалық барлау құрылғыларының болуы 18 Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін: 1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың; 2) перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы 19 Құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін - бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шыға­рындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы 20 Кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымда­ғы) жөндеу үшін - арнайы техника және жабдықтардың болуы 21 Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынап көру; игеру, байқау үшін - көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың болуы 22 Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы 23 Құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы 24 Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы 25 Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: Қазақстан Респуб­лика­сының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестацияланған зертханалардың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы 26 Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы 27 Жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін – жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, арнайы техника және жабдықтардың болуы 28 Қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы 29 Мыналарды (жобалау құжаттарды әзірлеу бойынша; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді): 1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне таратылады); 6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды («магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне таратылады); 7) қоршаған ортаны қорғауды қамта­масыз ететін қызметтер немесе жауапты тұлғалардың болуы 30 Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының болуы 31 Бекiтiлген (тек «магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін» кіші қызмет түрлеріне талап етіледі): 1) қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар; 2) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар; 3) жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары); 4) аварияларды жою жоспары болуы Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ________________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ _________ ________________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің басшысы _________________________ ____________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12673 болып енгізілді.