21 Қазан, 2016

Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2016 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы әдебиет пен өнер қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады. Мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі. Отандық шығармашыл зиялы қауымнан құрылған комиссия мүшелері іріктеліп алынған шығармалардың үш айлық мерзімдегі талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының ақпаратын тыңдап, еркін пікір алмасты. Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Елбасының қарауына ұсынылатын 2016 жылғы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.