21 Қазан, 2016

2017 жылы Головкин төрт жекпе-жек өткізуі мүмкін

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  "Головкин туралы сөз қозғаған сайын біз мұндай болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз, өйткені ол жаттығуды және жұдырықтасуды ұнатады. Мен оның 2017 жылы төрт кездесу өткізуі әбден мүмкін деп айта аламын", - дейді Леффлер.  Промоутердің сөзінше, Головкин рингке ақпан айында HBO арнасына арналған жекпе-жекте қайта оралады. Сонымен бірге, ол мамыр, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында жекпе-жек өткізе алады.