21 Қазан, 2016

Қазақстанда 47 бос прокурорлардың лауазымына іріктеу жүргізіледі

356 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстанда прокурорлардың 47 бос лауазымына іріктеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды "Егемен-ақпарат" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Прокуратура органдарына қызметке қабылдауға арналған алғашқы конкурс аяқталды. Өтініш берген 1 350 кандидаттың ішінен 67 кандидат іріктеліп, қызметтерге тағайындалды және резервке қойылды. 2016 жылғы 30 қазаннан бастап екінші конкурсқа кірісеміз. Облыстардың прокуратуралары,Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралар прокурорларының 47 бос лауазымы қызметіне іріктеу жұмыстарын жүргізетін болады», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен. Сонымен келесі бос лауазымдарға конкурс жариялау болжанып отыр: Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы - Бөрлі аудандық прокуратурасының прокуроры; - Сырым аудандық прокуратурасының прокуроры; - мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры; - Орал қалалық прокуратурасының прокуроры; - Орал қалалық прокуратурасының прокуроры; - Орал қалалық прокуратурасының прокуроры; - Орал қалалық прокуратурасының прокуроры. Атырау облысының прокуратурасы - Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры; - Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болуы кезеңінде); - Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры; - Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры(негізгі қызметкердің оқу демалысында болуы кезеңінде). Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы - Глубоков аудандық прокуратурасының прокуроры; - Глубоков аудандық прокуратурасының прокуроры; - Риддер қалалық прокуратурасының прокуроры; - Шемонаиха аудандық прокуратурасының прокуроры. Қарағанды облысының прокуратурасы -Сәтбаев қалалық прокуратурасының прокуроры; - Балқаш қалалық прокуратурасының прокуроры (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болуы кезеңінде); - Қаражал қалалық прокуратурасының прокуроры; - Бұхар жырау аудандық прокуратурасының прокуроры. Ақмола облысының прокуратурасы - Степногорск қалалық прокуратурасының прокуроры; - Көкшетау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры; - Егіндікөл аудандық прокуратурасының прокуроры. Қостанай облысының прокуратурасы - Қостанай аудандық прокуратурасының прокуроры; - Қостанай қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры; - Қостанай қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болуы кезеңінде); - Жітіқара аудандық прокуратурасының прокуроры; - Денисов аудандық прокуратурасының прокуроры. Қызылорда облысының прокуратурасы - Байқоңыр қалалық прокуратурасының прокуроры; - Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры; - Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы - Мамлют аудандық прокуратурасының прокуроры; - Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры; - Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық прокуратураның прокуроры. Алматы облысының прокуратурасы - Ұйғыр аудандық прокуратурасының прокуроры; - Панфилов аудандық прокуратурасының прокуроры. Ақтөбе облысының прокуратурасы - Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры. Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы - Басқарманың Арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры; - Бурабай ауданы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры(негізгі қызметкердің оқу демалысында болуы кезеңінде). Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы - Нұра ауданы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры; - Ақтоғай ауданы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры. Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы - Қызылжар ауданы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры. Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы - Басқарманың ақпараттандыру жөніндегі аға прокуроры. Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы - құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры; - ақпараттандыру жөніндегі аға прокурор(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болуы кезеңінде). Өңірлік көлік басқармасы - Шу көлік өңірі бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры; - Қарағанды және Жезқазған аудандары (Қарағанды қ.) бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры. Ведомствоның атап өтуінше қызметтік міндеттері, жалақы мөлшері мен төлеу шарттары, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары, құжаттар тізбесі, қабылдау мерзімі және орны туралы мәліметтер республикалық, жергілікті газеттерде және прокуратура органдары жүйесінің интернет-ресурстарында жарияланатын болады.