21 Қазан, 2016

Жамбыл облысында жалған кәсіпкерлер жауапқа тартылды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жыл басынан бері Жамбыл облысында жалған кәсіпкерліктің 65 фактісі тіркелген. Соның салдарынан ел қазынасы миллиардтаған теңге алым-салықтан қағылыпты. Алайда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты.  Мәселен, Батуровтар отбасы құрған қылмыстық топ 10-нан астам жалған серіктестік ашып, салықтан жалтарып отырған.  Ерлі-зайыпты Батуровтар, олардың ұлы және тағы екі азаматтан құралған топ осылайша бюджетке 1 миллиард 750 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген.  Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, жуырда оның нәтижесі белгілі болды.