2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасыньң 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 27-5 тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атақарушысының. 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 431 бұйрығының күшін жойылғанын тану. ( нормативті құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу Реестрінде тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 6 ақпанда № 9099 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамамен белігенген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін онын көшірмелерін күнтізбелік он күн өткен ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
___________________ В. Школьник
2015 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы №396 бұйрығымен бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 27-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар.
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есеп-жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын нақты аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілік.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді ұсыну тәртібі
3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептіліктің (бұдан әрі - есептер) мынадай түрлері белгіленеді:
1) алты ай қорытындыcы бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы ақпараттық есеп (бұдан әрі - жартыжылдық есеп);
2) жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы ақпараттық есеп (бұдан әрі - жылдық есеп).
3) жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есеп;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер.
4. Жер қойнауын пайдаланушы есептерді уәкілетті органның аумақты бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) мынадай мерзімде жібереді:
1) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы үшін жартыжылдық есептер - ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
2) жылдық есептер - есептік жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей;
3) жер қойнауын пайдалану объектілері жойылғаннан және/немесе консервациялағаннан соң бүкіл келісімшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есеп-жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөнінде жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер - есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күннен кешіктірмей.
5. Аумақтық бөлімшелер жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда, ол түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді аумақтық бөлімшеге ұсынады.
6. Аумақтық бөлімшеге жер қойнауын пайдаланушылардың деректері бойынша жер қойнауын пайдалану жөнінде жүргізілген операциялардың нәтижелері туралы жылдық жиынтық есептерді жасап, уәкілетті органға мынадай мерзімде жібереді:
1) бірінші жарты жылдығы үшін жартыжылдық есептер бойынша - ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне;
2) жылдық есептер бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші ақпанына дейін;
3) жүргізілген геологиялық зерттеулер туралы түпкілікті есеп - жер қойнауын пайдаланушылардан түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептер -тоқсан сайын.
7. Уәкілетті орган жиынтық жартыжылдық есеп аумақтық бөлімшеден түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды және оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне сақтауға жібереді.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жартыжылдық және жылдық есептер құрамында пайдалы қазбалары бар жер қойнауының геологиялық құрылымы, кен орындарының геологиялық параметрлері, қорлардың көлемі, игеру шарттары, сондай-ақ осы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың есептерінің мазмұнына сәйкес жер қойнауының кез келген ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
9. Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есептер мен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жүргізілген операциялар нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептерді ресімдеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидаларына 1-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушылар есептерінің мазмұны
1. Жер қойнауын пайдаланушының жартыжылдық есебі қысқаша ақпараттық жазбаны және қажет болған жағдайда, ақпараттық жазбаның мәтінін безендіретін графикалық қосымшаларды (немесе суреттерді) қамтиды.
Жартыжылдық есепті ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты:
1) өңірлік геологиялық зерттеулерде мынадай деректер келтіріледі:
келісімшарттық аумақтың әкімшілік жағдайы;
есептік кезеңде келісімшарттық аумақта орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі;
пайдалы қазбаның көрініс-белгісі орнының географиялық координаттары;
табылған пайдалы қазбаның көрініс-белгісінің жоспардағы және тереңдіктегі мөлшері;
пайдалы қазба көрініс-белгілерінің сипаттамасы;
табылған жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ көрініс-белгілерінің, табиғи резервуарлардың сипаттамасы;
пайдалы қазба ресурстарын болжамды бағалау;
2) табылған перспективалы объектілер шегіндегі іздеу жұмыстары кезінде есепте 1) тармақшада көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай деректер келтіріледі:
табылған кенге айналудың топографиялық және минералогиялық сипаттамасы;
кен денесінің параметрлері;
перспективалы құрылымның тереңдегі түзілуінің ерекшеліктері;
көмірсутек кен шоғырының параметрлері;
іздеу немесе параметрлік ұңғымалардың ағынын байқап көруді нәтижесі жөніндегі деректер;
пайдалы қазбаның қорларын бағалау, пайдалы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды;
3) іздеу - бағалау жұмыстары кезінде 2) тармақшада көрсетілген мәліметтермен катар мынадай деректер келтіріледі:
кен орындары кендерінің негізгі типтері мен сорттары;
байытудың оңтайлы сызбасын көрсетумен бірге, кенді қайта өңдеудің жоспарланған технологиялары жөніндегі деректер;
өнеркәсіптік қорлар мен болжамды ресурстар, кен орындарын игерудің рентабельділігі туралы мәліметтер;
4) барлау кезеңіндегі объектілер бойынша 3) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар, мынадай деректер келтіріледі:
кен денелерінің мөлшері, пішіні және параметрлері;
пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшін қолданылған кондицияның негізгі параметрлері;
кен орындарын игерудің гидрогеологиялық шарттары, кен орындарының су басу дәрежесі;
негізгі су тұтқыш көкжиектердің және жерасты сулары кешендерінің гидрогеологиялық параметрлерін бағалау деректері.
2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық есебі өткен жылғы геологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы қорытылған ақпаратты қамтиды. Жылдық есеп ақпараттық жазбахаттың мәтінін көркемдейтін ақпараттық жазбахат және графикалық қосымшалар түрінде беріледі. Жылдық есепті ақпараттық толтыру келісімшарттық аумақтың зерттеу кезеңіне байланысты:
1) пайдалы қазбаларға өңірлік геологиялық зерттеулер кезінде есепке келісімшарттық аумақ бойынша мынадай мәліметтер енгізіледі:
әкімшілік жағдайы;
келісімшарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;
өңірлік зерттеулердің әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдері;
жер қойнауын пайдаланушылар тапқан кен көрініс-белгілері мен минералдау нүктелерінің сипаттамасы:
географиялық координаттары, жоспардағы мөлшері, геологиялық сипаттамасы, табылған кенге айналуының сипаттамасы (пайдалы құрамдастар және олардың құрамы, одан әрі зерделеу перспективалары);
айқындалған перспективалы құрылымдардың сипаттамасы:
географиялық байланыстыру, геометриялық параметрлері, перспективалы көкжиектердің орналасу тереңдігі, олардың стратиграфиялық байланысуы, ресурстарды болжамды бағалау.
Өңірлік зерттеулер бойынша жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық қосымшалар қоса беріледі:
өңірлік масштабтағы келісімшарттық аумақтың геологиялық картасы;
карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген перспективалы құрылымдар, учаскелер, көрініс-белгілері бойынша егжей-тегжейлі масштабтағы геологиялық карта-қималар;
негізгі реперлік бетінің құрылымдық карталары;
айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша қималар;
ерекше қиылыстар бойынша уақытша және тереңдік тіліктер.
2) перспективалы учаскелердегі, көрініс-белгілердегі, құрылымдардағы іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері жөнінде мынадай ақпарат ұсынылады:
перспективалы учаскелердің, кен көрініс-белгілерін, құрылымдардың географиялық-экономикалық жағдайы;
айқындалған кен объектісінің геологиялық түзілуінің сипаттамасы, кенге айналудың заттық құрамы;
кенді дене параметрлері, пайдалы құрамдастарының құрамы, болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экологиялық сипаттамалары;
мұнай мен газдың болуында жұмыс істеу кезінде мыналар көрсетіледі:
айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнімді құрылымдардың, белгіленген мұнай-газ көрініс-белгілерінің және битум мен кирлерді қоса алғанда, көмірсутек белгілерінің атауы;
негізгі көрсету көкжиектері бойынша құрылымдық карталар, коллектордың қасиеттері бойынша деректер, іздеу және параметрлік ұңғымаларды ағынға бұрғылау және сынау нәтижелері, А+В+С1 және С2 санаттары бойынша қорларды бағалау;
іздетіру және параметрлік ұңғымаларды ағынға сынау нәтижелері, ұңғымамен ашылған литологостратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылымы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшері, ұңғыманың қысқаша өткізгіші, кедергілер және келісімшартта ескерілген басқа да мәліметтер.
3) келісімшарттық аумақты зерттеудің іздеу-барлау кезеңіне мыналар қоса беріледі:
спектрлік талдау деректерін таратумен бірге кенді аймақтарды сынау жоспарлары;
спектрлік, сандық, оның ішінде технологиялық талдаулардың нәтижелерін шығара отырып іздеу бұрғылау деректері бойынша геологиялық қималар, керн материалы нәтижелерін талдау;
іздеу ұңғымаларының геологиялық бағаналары;
мұнай-газ аудандары бойынша:
негізгі көрсету көкжиектері бойынша толық құрылымдық карталар, ерекше бағыттар бойынша уақытша және тереңдік қималар, каротажды диаграммалардың қосымшасымен бірге бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық қималары, ағынға сынау нәтижелері қоса беріледі.
4) келісімшарттық аумақтағы барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша мынадай ақпарат келтіріледі:
табылған кен орнындағы кеннің негізгі типтері мен сорттары;
кен өңдеудің әзірленген оңтайлы технологиясы;
кен орнын өңдеудің гидрогеологиялық және кен-технологиялық шарттары;
кен орындарының өнеркәсіптік қорлары және болжамды ресурстары, пайдалы құрамдастарының құрамы;
кен орнын өңдеудің рентабельділігі;
Жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық материалдар қоса беріледі:
жекелеген (типті) барлау сызықтары бойынша қорларды есептеуге арналған геологиялық қималар;
С1 және C2 санаттарының ең маңызды блоктары мен болжамды ресурстардың қорларын бұғаттау.
5) өнеркәсіптік игеру үшін кен орнын барлау және дайындау жұмыстары бойынша мынадай ақпарат келтіріледі:
кен орнының географиялық координаттары;
барлау әдістемесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі;
кен орнының геологиялық сипаттамасы;
тау-кен аудандары бойынша:
кен денелерінің саны, пішімі, параметрлері, кеннің минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациясы, пайдалы құрамдастардың көрініс-белгілерінің нысаны туралы деректер;
пайдалы құрамдастың негізгі минералдары-тасымалдаушылары;
қорларды есептеуге арналған кондицияның параметрлері, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің нәтижелері;
кеннің заттық құрамы және технологиялық қасиеті, кен шикізатын өңдеудің оңтайлы технологиялық схемасы;
кен орнын игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
мұнай және газ кен орындарын барлау кезінде:
өнімді көкжиектер мен коллекторлардың сыналану аймағының геологиялық түзілуі, таужыныс-коллекторлардың параметрлері;
ұңғымаларды ағынға зерттеу нәтижелері;
өнімділік коэффициенттері;
газ-су, су-мұнай байланыстарының сипаты;
жойылған ұңғымалар мен консервациядағы ұңғымалар туралы ақпарат.
Өнеркәсіптік игеру үшін кен орнын барлау және дайындау бойынша графикалық қосымшадан басқа мыналар қоса беріледі:
рудалы кен орындары бойынша:
бойлық геологиялық қималар;
кен орнын біркелкі сипаттайтын геологиялық қималар, екі және үш деңгейдегі көкжиекті жоспарлар;
негізгі кендік шоғырлардың қорларын бұғаттау;
мұнай-газ кен орындары бойынша:
әрбір өнімді көкжиек бойынша толық құрылымдық карталар, литологиялық-геологиялық қималар, ұңғымаларды сынау нәтижелері.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну қағидаларына 2-қосымша
Жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептердің ресімдеу тәртібі
1. Есептер электрондық нұсқасы қоса берілген мәтіндік және графикалық (графикалық қосымшалары болғанда) және ғарыштық суреттен тұрады.
2. Есептер мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);
2) титул парағы;
3) орындаушылардың тізімі;
4) реферат;
5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);
6) мазмұны;
7) иллюстрациялардың, кестелердің тізімі (бар болған кезде);
8) мәтіндік қосымшалардың тізімі (бар болған кезде);
9) графикалық қосымшалардың тізімі (бар болған кезде);
10) мағыналық бөлігі;
11) есепте пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі (әдебиет);
12) мәтіндік қосымшалар (бар болған кезде);
13) кестелер, иллюстрациялар (бар болған кезде);
14) графиктік қосымшасы (бар болған кезде);
15) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;
16) патенттік зерттеулер туралы қорытынды (бар болған кезде);
17) формуляр;
18) рецензия (рецензиялар);
19) есепті қарау хаттамасы (хаттамалары);
20) бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі;
21) аумақты қайтару актісі;
22) атқарылған жұмыс көлемі мен шығындарды есептен шығару туралы анықтама;
23) есептер сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізбесі.
24) Жер қойынауын геологиялық зерттеу туралы есептер құрылымына (бұдан әрі - Құрылым) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық зерттеудің есепке алу карточкасы және миллиондық парақта зерттелген аумақтың орналасқан орнының көшірме қосымшасын қоса бере отырып, Құрылымға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (жеке салынады) гидрологиялық пен инжинерлік-гидрологиялық зерттеудің есепке алу карточкасы.
3. Геологиялық есептің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Компьютерлік теру кезінде Word мәтіндік редакторы, № 14 көлемдегі Times Kaz қаріпі, № 14 көлемдегі Times Nеw Roman қаріпі, № 12 көлем кестелерге, бірдей жол аралық қашықтық пайдаланылады.
4. Есептер мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:
1) сол жақтан – 3,0 см;
2) оң жақтан – 1,5 см;
3) колонтитулдар – 2,0 см.
5. Есептердің беттерін нөмірлеу – өтпелі және әр кітаптың шегінде өздік. Титул парағы нөмірленбейді.
6. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, бөлімдерге бөлінеді және 300 беттен аспайтын көлемде жеке кітап түрінде жинақталады, заттаңбада және титул парағында кітаптың нөмірі қойылады және үлкен әріптермен жазылады.
7. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.
8. Есептердің әр кітабының қатты түптемесі (мұқабасы) болуы керек. Көлемі 30 бетке дейін кітаптар үшін кітап мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқаба рұқсат етіледі.
9. Пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты немесе кен орындары мен көрініс-белгілерінің каталогі бар болса, олар жеке кітап ретінде есептерге қоса беріледі.
10. Заттаңба мөлшері 140-150х100-110 мм тікбұрыш пішімінде болады, есептің әр кітабы, дәптері, папкасы мұқабасының ортасында орналасады және осы Құрылымға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
11. Титул парағы есептің бірінші беті болып табылады және осы Құрылымға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
12. Орындаушылардың тізімі барлық орындаушылардың тегін қамтиды.
Екі және одан көп кітаптардан тұратын есептер үшін орындаушылар тізімі бірінші кітапта ғана беріледі.
13. Реферат қағаздың бір парағында басылады және мынаны қамтиды:
1) жауапты орындаушының тегі мен аты-жөні (бас әріптермен басылады), одан әрі жеке орындаушылардың тегі көрсетіледі;
2) жұмыстың атауы, беттердің саны, иллюстрациялардың жалпы саны, мәтіндегі кестелердің саны, графикалық қосымшалар папкаларының саны (әр папкадағы графика беттерінің саны), ғылыми-техникалық алқада немесе мемлекеттік қорлар жөніндегі комиссияда геологиялық есепті қарау хаттамасы, электрондық дискілердің саны, геологиялық есеп жасалған ұйымның атауы және оның толық мекенжайы, есепті аяқтаудың айы мен жылы, есеп жіберілген ұйымдардың тізбесі (жақшада басылады), әкімшілік облыс пен шегінде жүргізілген жұмыстардың аумағы орналасатын 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызыққа сәйкес парақ номенклатурасы (егер геологиялық есеп бірнеше кітаптан тұратын болса, онда әр кітаптың көлемі жеке көрсетіледі), пән туралы мәліметтер, жасалған жұмыстардың әдістері мен нәтижелері, қысқаша қорытындылар, жұмыстың тиімділігі, есепте жазылған негізгі нәтижелердің мүмкүншіліктері мен қоладынлатын салалары туралы мәліметтер;
3) құраушының тегі, аты-жөні, қолы, мөр.
14. Геологиялық (техникалық) тапсырмада жұмыстардың бекітілген мерзімі, оның мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері туралы нақты мәліметтерді қамтуы тиіс. Келісімшарттық аумақтарда жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жұмыстар жүргізілген кезде геологиялық есепке геологиялық тапсырманың орнына келісімшартқа ең аз жұмыс бағдарламасы немесе одан үзінді енгізіледі.
15. Геологиялық (техникалық) тапсырма парақтың бір жақ бетінде басылады және тапсырыс беруші ұйымының мөрімен расталады.
16. Мазмұнында геологиялық есептің барлық тақырыптары, бөлімдері, кіші бөлімдері мен тармақтары және кіріспені, қорытындыны, мәтіндік қосымшалардың тізімін және т.б. қоса алғанда тақырыптар орналасқан беттердің нөмірлері көрсетіледі.
17. Егер геологиялық есеп екі және одан да көп кітаптардан тұрса, онда бірінші кітапта – әрбір кітап бойынша жеке-жеке барлық геологиялық есептің мазмұны, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың мазмұны көрсетіледі.
18. Иллюстрация тізіміне барлық иллюстрациялардың нөмірлері мен олар орналасқан мәтіндегі беттері көрсетілген атаулар кіреді.
19. Екі және одан да көп кітаптардан тұратын есептің бірінші кітабында кітаптардың нөмірлері көрсетіліп, барлық иллюстрациялардың тізімі бірінші кітапқа енгізіледі, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың иллюстрацияларының тізімі келтіріледі.
20. Мәтіндік қосымшалардың тізімінде қосымшаның реттік нөмірі, оның тақырыбы (мәтіндегі қосымшаның тақырыбына тура сәйкес келетін) және ол орналасқан беттің нөмірі көрсетіледі.
21. Графикалық қосымшалардың тізімі есептің бірінші томына және графикалық қосымшасы бар папкаға салынады және осы Құрылымға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Тізімдегі реттік нөмірі графикалық қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл түспен көрсетілетін парақ нөміріне сәйкес келеді.
22. Кестенің төменгі жағында мыналар көрсетіледі: «есепте барлығы – (саны көрсетіледі) сызба – (саны көрсетіледі) парақта, оның ішінде – (саны көрсетіледі) графикалық қосымша – (саны көрсетіледі) парақта – «құпия» немесе «ҚБПҮ» белгісі бар.
23. Осы кітапта орналастырылған құжатты пайдалануға шектеу белгісі жоқ қосымшалар үшін кестеде тиісті баған түсіріледі.
24. Мазмұн бөлімі кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады.
25. Кіріспеде:
1) жұмыс ауданының әкімшілік тиесілігі;
2) ауданның географиялық орны, оның географиялық координаталары мен беттерінің номенклатурасы;
3) жұмысты ұйымдастыру негіздемесі, ұйымдастырушылық-өндірістік жұмыс; 4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік мерзімі көрсетіледі.
26. Негізгі бөлім мынаны қамтиды:
1) қабылданған жұмыстың бағытын негіздеу;
2) алдағы жұмыс нәтижесін талдау және қорытындылау;
3) қабылданған жұмысты жүргізудің жалпы әдістеме негіздемесі, міндеттерді шешу әдістерін сипаттау және олардың салыстырмалы кестетсі;
4) жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету: жұмыс процесінде жүргізілген өлшемдер тізбесі, қолданылатын аппаратура және оның метрологиялық сипаттамасы, алынған ақпарат көзінің тізбесі, қателігін бағалау және метрология бойынша басқа да ақпарат;
5) теориялық, қолданбалы және экспериментальдік зерттеулердің (егер қойылған міндет шеңберінде жүргізілсе), есептеу әдістемелерінің сипаты мен мазмұнын спаттау, алынған деректерді талдау;
6) жеке түрі мен кезеңдер бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерінің сипаты (бар болған жағдайды); жобамен алда қойған міндеттерді бағалау және олармен алынған нәтижелерді сәйкестендіру, оларды алдыңғы және ұқсас жұмыстар нәтижелерімен салыстыру;
7) қосымша атқарылған жұмыстардың негіздемесі, таңдалған бағытта одан әрі жұмыстарды тоқтату қажеттілігіне әкелетін теріс нәтижелер;
8) алынған нәтижелер негізінде, оның ішінде одан әрі жұмыс бағыты бойынша жасалған қорытындылар мен ұсынымдар;
9) жұмыс нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар, олардың түрлері мен маңыздылығы туралы мәліметтер, қол жеткізілген деңгеймен салыстырғандағы ұсынымдар басымдылығы, қолданылу масштабы мен сала аумағына (ұлттық кәсіпорын) нұсқау және жұмысты орындау мерзімі, күтілетін экономикалық тиімділікті есептеу және ұсынымдарды енгізгеннен геологиялық тиімділік туралы мәліметтер.
27. Есептің негізгі бөлігіндегі ілеспе кен орындарын іздеу бойынша жұмысты орындау кезінде негізгі жұмыс нәтижелері сипатталғаннан кейін бөлімшелері бар тиісті бөлім орналастырылады (егер ілеспе іздеу орындары бірнеше пайдалы қазбалардың бірнеше түрлеріне жүргізілсе).
28. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жұмыстың негізгі нәтижелері;
2) атқарылған жұмыстың немесе оның бөлек кезеңдерінің нәтижелері бойынша қорытынды, жұмыс нәтижесінде алынған жаңа деректер тізбесі;
3) алдағы жұмыстың бағыттары бойынша ұсынымдар;
4) жұмыс нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар.
29. Пайдаланылған дереккөздердің (әдебиет) тізімі жеке әліпби тәртібімен жасалады және барлық қолмен жазылған (қор) және жариаланған материалдарды қамтиды.
30. Бір автордың бірнеше жұмыстары болған кезде олар басылған жылдары бойынша, ал жылдар бірдей болған жағдайда – олардың атауларының әліпби тәртібімен көрсетіледі. Одан кейін бірлесіп жазылған жұмыстар, бірлескен авторлардың тектері әліпби тәртібімен, ал авторлық ұжымдар толық сәйкес келгенде-басылымдардың мерзімдік тәртібінде келтіріледі.
31. Есептің (дереккөздің) библиографиялық сипаттамасы: автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөнін, есептің тақырыбын қамтиды. Тақырыптан кейін «есеп» деген сөзі, есепті шығарған ұйымның атауы, шығарылған қала мен жылы, беттердің саны келтіріледі.
32. Мәтіндік қосымшаларға есептің толықтығына қажетті және қорытындыны түсіндіру үшін немесе олар үшін бастапқы материал (қималар мен ұңғымалардың сипаттамалары) болып табылатын, еркін нысандағы немесе кесте түрінде ресімделген қосымша материалдар, қорларды санау кестесі, зертханалық анықтамалар және олардың математикалық өңдеу нәтижелері және тағы басқалары енгізіледі. А3 пішіміндегі (қос парақ) бүктелген түрдегі қосымшаларға рұқсат етіледі.
33. Әр мәтіндік қосымшаның тақырыбы жаңа беттен басылады.
34. Мәтіндік қосымшасы бар парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына бас әріптермен «қосымша» деген сөз басылады. Егер мәтіндік қосымшалар екеу және одан да көп болса, оларды араб цифрларымен «№» деген белгісіз нөмірлейді.
35. Мәтіндік қосымшалардың тізбесі:
1) аумақтық геологиялық бастапқы геологиялық құжаттама қорына бастапқы материалдарды тапсыру актісі;
2) жұмысты орындаушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;
3) жер қойнауын пайдаланушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі аумақтық органның есепті қарау хаттамасы;
5) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның есепті қарау хаттамасы;
6) есепке берілген рецензия (рецензиялар);
7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
8) метрологиялық сараптама қорытындысы;
9) орындалған көлемдер мен геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындарды есептен шығару туралы анықтама;
10) пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты (қорлары есептелетін есептер үшін);
11) кен орындарының және кен көрініс-белгілердің каталогы (жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептер үшін).
36. Цифрлық, мәтіндік немесе аралас материалдарды қамтитын кестелер, есептерде мәтіннің ішіндегі беттерде де, жеке беттерде де орналасады.
37. Әр кесте тақырыбы оның мазмұнын көрсетеді. Тақырып жолдық әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы) соңында нүктесіз және кесте үстінің ортасында орналасады.
38. Кестелер есептің әрбір бөлімі бойынша жеке нөмірленеді. Кестенің нөмірі бөлім нөмірі мен кестенің нүкте арқылы бөлінген, реттік нөмірінен тұрады. Егер есепте тек қана бір кесте болса, ол нөмірленбейді және “кесте” сөзі жазылмайды. Кесте нөмірі оң жағынан тақырыптан жоғары екі интервалда орналасады. Кесте нөмірі дефис (жолодау басынан) арқылы атауы мен бір жолда орналастыруға жол беріледі.
39. Кесте ол туралы алғашқы рет аталып өтілгеннен кейін орналастырады.
40. Көп жолдары бар кесте басқа бетке тасымалданады. Бұл жағдайда, кестенің жолдары нөмірленеді және олардың нөмірленуі кестенің келесі бөліктерінде де қайталанады. Тақырып пен реттік нөмір тек қана кестенің бірінші бөлігінің үстінде көрсетіледі, ал келесі бөлшектердің үстіне- «Жалғасы» деген сөз жазылады. Көп бағаны мен жолдары бар кестені бөлікке бөлуге және бір бөлігін бір бөліктің астына бірнеше беттерде орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда кестенің әрбір бөлігінде оның бүйрі немесе атауы тиісінше қайталанады.
41. Мәтін мен кестелердің ескертулерінде анықтамалық және түсіндірме деректер жазылады. Егер бір ғана ескерту болса, онда оны нөмірлемейді, «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады. Егер бірнеше ескертулер болса, онда «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылып, ескертулердің мазмұны араб цифрларымен нөмірленеді.
42. Иллюстрациялар, олардың бөлшектері мен жазулары (масштабы мен анықтылығы), сапалы қайта өндіру, микрофильмдер жасау, сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей ресімделеді: барлық иллюстрациялардағы сызықшалардың ең төменгі жуандығы 2 мм., сызықтардың арасындағы қашықтық 8 мм- ден кем емес, жазудағы қаріптердің ең төменгі мөлшері - 2,5 мм, шартты таңбалар ретінде пайдаланылатын геометриялық мүсіндер қабырғаларының (диаметрнің) ең төменгі мөлшері - 2,5 мм. Осы тармақта жазылған шектеулер есепке графикалық қосымшаларға да таралады.
43. Барлық иллюстрациялар (фотосуреттер, суреттер, схемалар, сызбалар және т.б.) сурет деп аталынады да, «Сур. » деген сөзбен белгіленіп, тараудың шегінде рет-ретімен араб цифрларымен нөмірленеді. Иллюстрацияның нөмірі тараудың нөмірі мен оның нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірден тұрады.
44. Егер есепте бір ғана иллюстрация болса, ол нөмірленбейді және «Сур. » деген сөз жазылмайды.
45. Иллюстрациялардың атаулары мен түсініктеме деректері бар. Атау иллюстрацияның үстіңгі жағына, түсініктеме деректер - астыңғы жағына орналастырылады және бас әріппен, сурет астындағы мәтін - кіші әріппен (алғашқы кіші әріптен басқа) басылады. Иллюстрацияның нөмірін, түсініктеме деректерден төмен, ал егер олар жоқ болса - тура иллюстрацияның астына орналастырады. Иллюстрацианың нөмірін, дефис арқылы, атауымен бір жолда орналастыруға жол беріледі.
46. Иллюстрациялар компьютерлік технология мен қара сияны пайдалана отырылып, сызықталынған не болмаса ксерокопиялық пен полиграфиялық әдістермен көбейтілген болады.
47. Тігілетін кесте мәтіні мен иллиюстарциялар жеке беттерде орналасады және ортақ нөмірленуге қосылады. Парақта жасалған, есептің форматынан үлкен (бірақ A3 форматынан асырмайтын) үлкен кестелер мен иллюстрациялар бүктеліп бір парақ түрінде нөмірленеді.
48. Графикалық қосымшалар жұмыстардың нәтижесін көрсететін (әртүрлі мазмұны бар карталар, қималар, стратиграфиялық бағаналар, кескіндер мен т.б.) материалдар болып табылады.
49. Графикалық қосымшалардың тізбесі жұмыс түріне байланысты, олар бойынша есеп ұсынылады және жұмыстардың жобасымен (бағдарламасы) анықталады.
50. Графикалық қосымшалар картографиялық қағазда сызықша - контур түрінде орындалып ұсынылады. Электрондық нұсқадағы есептердің графикалық қосымшалары геологиялық қорларда пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалардың пішімінде көшірмелерін қоса отырып, бағдарламаның түпнұсқа пішімінде ұсынылады. Электрондық нұсқадағы графикалық қосымшалар қағаз түріндегі түпнұсқамен маштаб, ақпараттық жүктеліс, бояу, крап және тағы басқалары бойынша сәйкес келеді.
51. Есепке әрбір графикалық қосымшаға, оның ішінде көппарақты қосымшаның әрбір парағына осы Құрылымға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парақтың астыңғы оң жақтағы бұрышына полиграфиялық әдіспен немесе қара сиямен орындалған бұрыштық штамп қойылады.
52. Қажет болған жағдайда, шартты белгілерде аталған графикалық қосымшаның парақтары орналасқан схемасын орналастыруға болады.
53. Құжатқа рұқсаттың шектеу грифі (егер болған жағдайда) графикалық қосымшадағы әрбір парақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде қойылады.
54. Карталарды білдіретін графикалық қосымшалардың бұрыштық штампында масштабтан басқа, аталған қосымшаны құрастырғанда пайдаланған картографиялық негізге нұсқаулығы бар.
55. Графикалық қосымшалар 210x300 мм, қалыңдығы 70-80 мм аспайтын форматтан папкаларда орналасады. Аландық геологиялық түсіру жұмыстары бойынша графикалық қосымшалар парақтың халықаралық стандарттағы 700x700 мөлшердегі папкаларда сақталады.
56. Графикалық қосымшаның барлық парақтары пака форматы бойынша бұрыштық штампы парақтың беткі жағында тұратындай етіп орналасады.
57. Папкада орналасқан графикалық қосымшалар тігілмейді, бірнеше бетте жасалған қосымшаның жеке парақтары жабыстырылмайды.
58. Осы Құрылымға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша графикалық косымша папкасына заттаңба жабыстырылады. Заттаңбада «Графикалық қосымшалардың» кіші тақырыбы бөлінеді, бұл ретте кітап нөмірі көрсетілмейді.
59. Егер графикалық қосымшалары бар папка біреуден көп болса, олар нөмірленеді және нөмір заттаңбада көрсетіледі.
60. Графикалық қосымшалар папкада есепте маңыздылығының тиісті дәрежесі тәртібінде орналасады.
61. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептер үшін метрологиялық сараптама қорытындысы бірінші кітапта орналасады.
62. Есептер үшін патенттік зерттеулер туралы қорытындысы осы Құрылымға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
63. Бірнеше кітаптан тұратын есептер үшін патенттік зерттеулер туралы қорытынды олардың біріншісінде орналасады.
64. Есептік формуляр осы Құрылымға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
65. Қосымшалары бар метрологиялық сараптама қорытындысы, патенттік зерттеулер туралы қорытындысы және орындалған жұмыс көлемдері және шығындары есептен шығару туралы анықтамасы бар есептер жұмысты орындаушы ұйымға белгілеген тәртіпке сәйкес рецензиялауға беріледі.
66. Рецензияның тақырыбында есептің толық атауы (есептің титулдық бетіне сәйкес), оның шифры, жауапты орындаушының тегі жазылады.
67. Рецензия авторының қолы оның жұмыс орнының мөрімен куәландырылады. Егер рецензияда маңызды ескертулер болса, есепке автордың рецензенттің әрбір ескертуіне өзгеріс енгізу немесе ескертуді теріске шығару туралы анықтамасы орналасады.
68. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, рецензия бірінші кітапта орналасады.
69. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, қарастыру хаттамасы бірінші кітапта орналасады.
70. Хаттама есептің мәтініне тігіледі, немесе, егер көлемді болса (7 парақтан астам болса), есепке жеке қосымша түрінде ұсынылады.
71. Алғашқы геологиялық материалдар есепке қоса берілетін осы Құрылымға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген алғашқы геологиялық құжаттардың тапсыру актісі бойынша өңіраралық департаменттің мұрағатына тапсырылады.
72. Есепке алғашқы геологиялық материалдардың тапсыру актісі бірнемесе одан астам кітаптан тұрса, ол есептің бірінші кітабын орналастырылады.
73. Объектілер бойынша есептен шығаруға жататын геологиялық барлау жұмыстарының және шығындарының, көлемінің орындалуы туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) осы Құрылымға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді, онда (жоба бойынша) жоспарланған және нақты орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі, геологиялық барлау жұмыстарың сметалық құнын есептеумен бірге жұмыстың сметалық құны және геологиялық түсіріс жұмыстары үшін зерттеу кезеңі мен түрі бойынша бөлінген нақты шығын, сондай-ақ сметалық және геологиялық түсірістің 1 квадрат километрінің нақты құны көрсетіледі.
74. Анықтама қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтермен) және қаржылық жұмысты қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысымен қол қойылады. Анықтамаға қойылған қол мөрмен расталады.
75. Екі немесе одан