22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №399 

325 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6-9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 8 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №399 бұйрығымен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6-9) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді. 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы: 1) күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде; 2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады. 3. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы жүргізілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша айқындалады. 2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі 4. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін энергия аудитiн жүргізетін, қызметтің осы түрі бойынша (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығы сәйкес аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғаға жүгінеді. Энергия аудиті нәтижелері бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат жазылған қорытынды беріледі. 5. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін: 1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді; 2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді; 3) жобалау құжаттамасында белгіленген объектінің энергия тиімділігі сыныбы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында көрсетіледі. 6. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сирек болмай энергия аудитін жүргізу арқылы қайта қаралады. 7. Энергия тиімділігі сыныбы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады. 8. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың техникалық паспортында көрсетіледі. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларына қосымша Кесте Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын Р/с № Сыныпты белгілеу Энергия тиімділігі сыныбының атауы Ғимараттың жылытуға және желдетуге энергия тиімділігі көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативтік мәнінен ауытқу шамасы, % Жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттарды жобалау және пайдалану кезінде 1 А++ А+ А Өте жоғары -60 тан төмен -50-ден -60-қа дейін -40-тан -50-ге дейін 2 B+ B Жоғары -30-дан -40-қа дейін -15-тен -30-ға дейін 3 C+ C C- Қалыпты - 5-тен – 15-ке дейін + 5-тен – 5-ке дейін + 15-тен + 5-ке дейін Бар ғимараттарды пайдалану кезінде 4 D Төмендетілген + 15,1-ден + 50-ге дейін 5 E Төмен +50-ден жоғары Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11312 болып енгізілді.