22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №455

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 мамыр, Астана қаласы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 31 мамыр Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №455 бұйрығымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесі 1. Жылу көргіш. 2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш. 3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550° С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр. 4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші. 5. Тоқ қармауыштар. 6. Анемометр. 7. Гигрометр. 8. Люксметр. 9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш. 10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса). 11. Электр энергиясының сапасын талдауыш. 12. Контактілі термометр. 13. Манометр. 14. Газ талдауыш. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13902 болып енгізілді.