2016 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы
«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруге өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нысаны «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген дипломдарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады»;
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дипломды бұрын берген аумақтық бөлімшеге Мемлекеттік корпорация немесе Портал арқылы жоғалту немесе бүлдіру жағдайлары мен себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;»;
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;».
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрі
_____________ А. Сәрінжіпов әлеуметтік даму министрі _____________ Е. Досаев
2016 жылғы 27 қаңтар _____________ Т. Дүйсенова 2016 жылғы 29 қаңтар
2016 жылғы 27 қаңтар
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13246 болып енгізілді.