22 Қазан, 2016

Құрлықтың клубтық чемпионаты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропаның бірнеше елі өздерінің жаңа клубтық чемпионатын ұйымдастыру жөнінде шешім жасасты. Жаңа чемпионат ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа Бельгия, Голландия, Шве­ция, Шотландия және Норвегия елдері кірі­сіп кетті. Жаңа лига УЕФА-дан бөлек әрекет ететін болады. Бұған қосылатын клубтардың ешқайсысы өз елдерінің біріншіліктеріне қатыспайды. Әзірге жаңа доп додасына «Андерлехт», «Селтик», «Аякс», ПСВ, «Русенборг», «Мальме» және «Брюг­ге» секілді командалардың қатысатыны бел­гілі болып отыр. Сол сияқты бұл командалар осы чемпионаттан табылар болса, УЕФА шеңберінде өтетін турнирлерге қатыса алмайды. «Егемен-ақпарат»