22 Қазан, 2016

Қамқорлық деп осыны айт!..

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
_mg_9177Қазандағы «Қамқорлық» айлығы аясында «Қазақстан алюминийі» АҚ жұмысшылары 3 мың зейнеткерді құттықтайды Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ-та игі істер марафоны басталды. Ком­пания өндіріс ардагерлеріне құр­мет көр­сетуде. Жыл сайынғы дәс­түрге сай, би­ыл да зейнеткер-алю­минийшілерге сый­лықтар тарту етті. Зауыттың цех­тары мен бөлімшелерінде еңбек ет­кен қариялар дастарқанда бас қо­сып, өткенді еске алды. Ән са­лып, би билеп, түрлі сайыстарға қа­ты­сып, көңіл көтерді. Мысалы, гид­рометаллургиялық цехтың 150 зейнеткері, ардагерлер кеңесінің белсенділері биыл өз қатарларына тағы да 6 зейнеткерді қабылдады. – Біз әрбір ардагерге ерекше ізет­пен көңіл бөлеміз. Кәсіпорындағы түр­­лі қиыншылықтарға қарамастан, игі дәстүріміз осылай жалғаса береді, – дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ пре­зиденті Арман Есенжолов. – Біздің арда­герлер – зауыт тарихының куәсі. Олар болашақ алюминийші жастарға үлгі-өнеге. Кәсіпорындағы ардагерлерге де­­ген қамқорлық қазан айын­да­ғы іс-­ша­ра­­лармен ғана шектелмейді. Кәсіпорында аға буын өкілдерін қолдау мақсатындағы кешенді бағдарлама жүзеге асырылады. Енді оларға үнемі материалдық көмек көрсетіліп, заманауи құралдармен жабдықталған медициналық орталық өз қызметтерін ұсынады. Мәселен, үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, көмір мен дәрі-дәрмек жеткізіп беру секілді көмектерден бөлек, компания екі алюминийші – соғыс ардагері Евгений Лобзюк, тыл еңбеккері Маргарита Головневаның көзіне жасалатын қымбат ота қаржысын төлейді. Сонымен қатар, қалыптасқан жылдағы дәстүр бойынша жаз айларында 246 зейнеткер Баянауыл ұлттық паркіндегі «Кристалл» және «Факел» демалыс үйлерінде демалып қайтты. Ал 130 зейнеткер Астананы аралап, ерекше көңіл күйге бөленді. Өндіріс орны әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан жоғары корпоративтік стандарттарға сүйенеді. Өңірдегі басты кәсіподақ комитеті ретінде қазір зауытта «Ардагерлер ұйымы» құрылды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» ПАВЛОДАР