Жақында Венаның Ritz-Carlton отелінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конференция болып өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Австрия-Қазақстан қоғамы мен Қазақстанның Австриядағы елшілігі.
Конференцияға «Австрия-Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелері, Австрия Сыртқы істер министрлігі, халықаралық ұйымдардың атқарушы құрылымдары және Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Австриядағы Құрметті консулдары, Австрия-Қазақстан қоғамының мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, Австрияның экономика, ғылым, мәдениет салаларының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Австрия-Қазақстан қоғамының президенті, Австрия Экономика палатасының вице-президенті, доктор Р.Шенц, Австрия-Қазақстан қоғамының атқарушы президенті, доктор Г.Лански, Қазақстанның Австриядағы елшісі Қ.Сарыбай жиынға қатысушыларға құттықтау сөзбен қайырылды. Сөйлегендер Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жерде экономика, саясат, білім, мәдениет салаларында қол жеткізген табыстарын, сондай-ақ, Қазақстан-Австрия ынтымақтастығының өзара тиімді дамуын тілге тиек етті.
Алдыңғы қатарлы технологияға ие австриялық фирмалардың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндігі мол екендігіне назар аударылды. Энергия көздеріне қатысты салада заманауи технологиялармен жарақтандырылған австриялық компаниялар үшін қосымша мүмкіндік Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға жол ашады.
Конференцияға қатысушыларға алғашқы австриялық ғарышкер Ф.Фибектің тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровпен 1991 жылдың қазанында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа сапары туралы деректі фильм көрсетілді. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің рәмізі іспеттес және Қазақстан-Австрия ынтымақтастығының негізін қалаған оқиға болды. Бұл туралы 1991 жылы қазанда Қазақстанға жұмыс сапарымен барған, ғарыш кемесінің ұшуына куәгер болған Австрияның бұрынғы Федералдық канцлері Ф.Враницкий айтып берді.
Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты қарым-қатынастың алғашқы жылдары туралы Австрияның Қазақстандағы алғашқы елшісі Х.Гюрер ханым баяндады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко қазақ жерінде тоғыз жыл бойы елшілік қызмет атқарған Гюрерге екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін көрнекті Алаш дипломаты Н.Төреқұлов атындағы медальді тапсырды.
Конференцияның ресми бөлігі аяқталған соң Вена консерваториясында оқитын қазақстандық студенттер А.Мадияр мен А.Овчинникова қонақтарды қазақ және классикалық музыкаларды орындаудағы шеберлігімен тәнті етті.
Ғабит МҮСІРЕП,
«Егемен Қазақстан»

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48