22 Қазан, 2016

22 қазанға арналған ауа райы болжамы

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22 қазан күні Қазақстан аймақтарының  басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аумақтарда  тұман, көктайғақ болжанады. Елдің шығысында жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.