22 Қазан, 2016

ОҚО-ның Созақ ауданында келесі жылдан алтын өндіру басталады

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
vymy Созақ ауданында келесі жылдан бастап алтын өндіріледі. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Исаевтың ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында атқарылған шаруаларды баяндаған баспасөз брифингінде айтты. Осы аралықта жасалған қыруар шаруаларды тізбектеп шыққан аудан басшысының алдағы жоспарлары жетерлік. Металл өндіруде тәжірибесі жеткілікті терсікейліктер келер жылдан бастап көмір өндірісін де қайта жандандырмақ. Алдағы уақытта ауданда өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, атап айтқанда ет пен қымыран өңдеуді дамыту қолға алынбақ. Баламалы қуат өндіретін күн электр станциясын іске қосу да алдағы жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Сонымен қатар, бір кездері тартылып қалып биыл қайта толған Қызылкөлдің жағасынан демалыс орындарын салуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлер де дайын. Тек, жоба-жоспар түзілуі керек. Сондай-ақ, Созақта тұрғын үй мәселесі де жылдан жылға шешімін тауып келеді. Ширек ғасырда ауданда 206,6 мың шаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық тұрғын үй салыныпты. Жыл аяғына дейін тағы 50 тұрғын үй ел игілігіне берілгелі отыр. Созақтық шаруалар мал өсіруде де алдарына қара салмай келеді. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда ірі қара басы 7 мыңнан әрең асса, қазір бұл көрсеткіш 27 мыңға жетіп отыр. Биылдың өзінде Созақтан 2 688 қаракөл тоқтысы біріккен Араб әмірліктеріне экспортталды.