23 Қазан, 2016

Алматының Іскерлік кеңесі 70 пайызға жаңарды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-10-16-baibek-2

Жұма күні Алматыда қалалық Іскерлік кеңестің отырысы өтті. Араға жыл салып кездескен Кеңестің құрамы биыл 70 пайызға жаңғырды. Мегаполистегі мүдделі топтың басын қосқан жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек төрағалық етті. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы Іскери кеңестің құрамы 35 тен 46 адамға дейін артып, әйелдер саны өстіп отыр. Қала әкімінің айтуынша, бұрынғыдай Іскерлік кеңестің құрамында кездейсоқ адамдар жоқ. Жаңарып қана қоймай, жасарған кеңеске жиынның тиімділігіне көтеруге мүмкіндік беретін экономиканың барлық саласының өкілдері қамтылған. Қазіргі құрамда бизнес өкілдері 87% көбейді, өткен жылы бұл көрсеткіш 70% болатын. Қазіргі кеңес мүшелерінің 30 жастан 40 жас аралығындағылары – 20%, 40 жастан 50 жасқа дейінгілер – 60%, 50 жастан жоғары 20 пайызға жетті. Қала әкімі экономиканы құратын да қалыптастыратын да адам капиталы екендігін айта келе, 86 пайызы сауда мен қызмет көрсету саласына тиесілі экономиканың жергілікті құрылымы есебімен жұмыссыздықты төмендетудің жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқандығын атады. Бұл бағдарлама жұмыссыздарды туризм мен оған қатысты салаларға бейімдейтін болады. Қала әкімі әу бастағы Алматының көкейтесті мақсаты туризмнен табыс табу болса, оны дамытуға қатысты кедергілер мен жәйттер туралы іскер ортамен келелі сұхбат жүргізуге ұмтылды. Мәселен алматылықтар жыл сайын шетелдердегі медициналық туризмге 500 миллион доллар қаражат шашатын болса, бұл мүмкіндіктердің барлығы Алматыда бар екендігін нақты нысандармен дәйектеді. Айнаш Есали 23-10-16-baibek-1