25 Қазан, 2016

Келіңіз, коньки тебіңіз...

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_0362«Медеу» мұз айдынында сырғанақ маусымы ашылды Биылғы жаңа маусымның ашылу салтанаты Универсиадаға 100 күн қалуы қарсаңында өтуімен ерек­шеленді. Санаулы айлардан кейін бұл мұз айдыны 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада нысандарының біріне айналады. Бүгінде әлемнің 56 елі алдағы жарысқа өздерінің қатыса­тын­дықтарын растап үлгерді. Ой­ындар кезінде 8 нысанда спорттың 12 түрі бойынша 2 мыңға жуық спортшы 86 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарысты әлемнің 40 телеарнасы арқылы миллиардтан астам теле­көрермен тамашалай алады. Салтанатты шарада  қала әкімі Бауыржан Байбек актер, кинорежиссер Нұртас Адамбайға, шоумен Мұрат Мұтырғановқа және байкер Дмитрий Петрухинге Универсиада елшісі сертификаттарын табыс етті. Мұз айдынының әкімшілігі биыл жалға берілетін конь­килердің саны 2 мыңға дейін артқанын айтты. Соның арқа­сында мұнда коньки қоры 5 мыңға жеткен. Демалушылардың жайлылығы үшін дәмді стритфуд пен ыстық шоколад немесе кофе ұсынатын жаңа 15 дәмхана жұмыс істейді. Кіру және жалға алу құны, сырғанау уақыты өзгеріссіз қалған. Айтпақшы, Универсиада би­леттері 21 қазаннан бері сатылып жатыр. Меліс СЕЙДАХМЕТОВ   АЛМАТЫ