25 Қазан, 2016

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүруде

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғызылып жатқан нысандарында болды, деп хабарлады осы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта «Құрғақ порттың», логистикалық және индустриялық аймақтың инфрақұрылымдарының барлық нысандары пайдалануға берілді. «Құрғақ порт» іске қосылған сәттен бері 43 мыңнан астам ДФЭ контейнерлері өңдеуден өткізілді. Құрылысқа қатысушылармен өт­кен кеңесте бүгінде эстафетаның құ­ры­лы­сшылардан басқарушы ком­панияға берілгені атап өтілді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» БК» АҚ-тың бас директорының логистика бойынша орынбасары Б.Үдербеков осыған байланысты қазіргі уақытта АЭА-ға әлеуетті қазақстандық және шетелдік қатысушылармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жыл аяғына дейін 4 нысанды, соның ішінде агроөнеркәсіптік, индустриялық, көлік-логистикалық сектордағы нысандарды жүзеге асыру басталады. Қ.Алпысбаев Мониторинг орта­лы­ғында болып, онда оған БӨП-1-дің автоматтандырылған жүйесінің, авто­көліктің аумақ бойынша нақты режімде жүріп өтуін бақылауға мүмкіндік беретін 3D виртуалды турының жұмыстарын көрсетті. Желтоқсанның басында осы жүйені кедендік, карантиндік, шекара қызметтері бағдарламаларымен өзара байланыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қ.Алпысбаев «Қорғас» ШҚХО инфрақұрылымдары ны­сан­да­рының тасқынға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныш ғимараттары құрылысы бойынша кеңес өткізді. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» ММ басшысының орынбасары А.Бабай­кин Қ.Алпысбаевқа Қорғас өзені­н­де­гі қорғаныш ғимараттарының, «Қор­ғас» ШҚХО учаскесіндегі арна қа­лы­п­- ­тастыратын және қорғаныш бө­гет­терінің   құрылысы туралы мәлімдеді. Инфрақұрылымдық нысандарды қорғау үшін  кәріздік арна салынып, жағалаулар нығайтылды. Нұркент кентінде Қ.Алпысбаев Алтынкөл стансасы мен АЭА қыз­мет­кер­лері үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысы барысымен танысты. Қазіргі уақытта кентте екі мыңнан астам адам тұрады. Мектеп, балабақша, амбулатория салынды. Үстіміздегі жылдың қарашасында құрылысшылар шағын отбасылық үлгідегі екі жатақхананы пайдалануға береді. Осы жылдың соңына дейін тағы да 60 пәтерлі екі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.