Ескерткіштер – елдіктің белгісі. Республикамыздың батыс қақпасындағы халқымыздың еркіндікке қол жеткізуін басты мақсат-мұраттарына айналдырған тарихи тұлғаларға қойылған тұғырлар тағы бір қайталанбас мүсін өнері туындысымен толықты.
Бұл – Орал қаласында күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Дина көшелерінің қиылысқан жеріндегі демалыс орны аумағына екеуіне орнатылған композициялық ескерткіш жобасы. Ескерткіш құрылысын іске асырған облысқа танымал кәсіпкерлердің бірі – Ерлан Ғайсин.
Орал өңірі – Құрманғазы мен Динаның тарихи отаны, кір жуып, кіндік кескен топырағы. Соған қарамастан, мұнда екеуіне ескерткіш қойылмай келгені рухани олқылықтай, тәуелсіз елімізге сындай көрінуші еді. Осының орны толғаны анық. Өйткені, олардың шығармаларына негізінен елдікті ту етіп көтеру, еркіндік пен бостандықты және азат өмірді аңсау сипаты тән болып келгені атар таңдай, батар күндей шындық. Сондықтан ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында ашылған бұл композициялық мүсіндер кешенінің бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі мен тағылымы мол болмақ.
Екіншіден, Құрманғазы мен Динаға екі бөлек ескерткіш қоймай, оны біртұтас бөлінбес композициялық мүсін туындысы ретінде орнату жөніндегі алматылық мүсінші Мұрат Мансұровтың шығармашылық шешімі тек құптау мен қолдауға лайықты. Әрі екеуінің бірнеше мәрте кездескені, Құрманғазының Динаға өзімнің ізбасарым деп батасын бергені, домбырасын сыйлағаны тарихи деректерден жақсы мәлім. Бұған қоса, осы арада қазақтың күй өнері мен оның шығу тарихын індете зерттеген тағы бір тарихи тұлға, бүгінгі Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрін өз қолымен құрған халқымыздың талантты ұлы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы айтыпты» деген төмендегідей деректі де оқырмандар назарына бере кеткеннің артықшылығы жоқ. Нақтырақ айтқанда, қайран Құрманғазы бабамыз былай деген екен: «егер менің оң қолым мен Динаның сол қолы бір адамға берілсе, бұл дүниеде одан асқан дүлдүл домбырашы мен күйші болмас еді». Міне, бұл тарихи деректің өзі де Құрманғазы мен Динаның жиі кездескенінен хабар бере алады. Әрі екеуі бір-бірінің күй тарту мәнеріндегі артықшылығы мен олқылығын жақсы білгендігін көрсетеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы
Суретті түсірген
Айбатыр НҰРАШ

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42