25 Қазан, 2016

Үкімет басшысы кеңес өткізді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет Үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарласын іске асыру барысын талқылау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты. Бағдарлама 2013 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы 2013-2020 жылдарға арналған «Аг­ро­­бизнес-2020» агроөнеркәсіп кеше­нін дамытудың салалық бағ­дар­ламасы аясында бастау алған. Құжат екінші деңгейлі банк­тер­дің АӨК субъектілерін өз қа­ражаты мен сыйа­қы мөлшер­ле­месін төмендету және АӨК субъек­ті­лерінің несиелік және лизингтік мін­дет­темелерін қайтару мер­зі­мін ұзарту арқылы «ҚазАгро» хол­дин­гінен тартылған қаражаттар есебі­нен қаржылық сауықтыруды қарас­тырады.