25 Қазан, 2016

Күн тәртібі талқыланды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының бюро отырысында Палатаның 27 қазанда болатын кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенаторлар «Париж келісімін ратификациялау туралы» және Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан және Ресейдің уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Сенат бюросы Қаржы және бюджет комитетін «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет етіп белгіледі. Бюро мүшелері, сондай-ақ Се­нат­тың 2016 жылға арналған Негізгі іс-шараларының жоспарына өзгеріс пен толықтырулар енгізді. Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада жұмыспен қам­туға арналған дөңгелек үстелдің және жол қозғалысы саласын құқықтық реттеу туралы парламенттік тыңдаудың жоғары деңгейін атап өтті. Төраға тұрақты комитеттердің басшыларына шаралардың қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдарды тиісті мемлекеттік органдардың іске асыруын бақылауды тапсырды. Қ.Тоқаев, сондай-ақ Сенат депу­тат­тарының сөздері мен көтерген өзекті мәселелерін бұқаралық ақпа­рат құралдарында кеңінен жария ету қа­жеттігін атап көрсетті.