25 Қазан, 2016

Степногорск қаласында ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтеді

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  1-5 қараша күндері Степногорск қаласында  ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтеді.  Дельфи ойындары – талай жас талантарды бір арнаға тоғыстырып, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын байқау.  Байқау мақсат – талантты жастарды насихат­тау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыру. Аталмыш жарысқа  жастар 19 аталым бойынша сынға түседі. Олар: Фортепиано, Скрипка, Баян/ Аккордеон, Ұлттық аспаптар (Домбыра, Прима-қобыз, қыл-қобыз), академиялық ән айту, дәстүрлі ән айту, халық биі, заманауи би, фотосурет, тележурналистика, қысқаметражды кино-бейнероликтер, өнертапқыш, киім дизайны, сәндік-қолданбалы өнер, ыммен ән орындау шеберлігі, ди-джей. Дельфийлік ойындар біздің эрамызға дейін, 582 жылы  Овидия және Плутарха заманында басталған. Бұл ежелгі ұлы антикалық бәйгелердің шығу тегі мен дамуына анық жауап жоқ. Дегенмен, 1600 жыл бұрын бұл ойынның өткізілуіне тыйым салынған. Жүздеген жылдарды артқа тастап қана ежелгі дәстүр жаңарып ойын қайта Грекия мемлекетінде өте бастады. Дельфий ойындарының Жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілдері штаб – пәтері Берлинде орналасқан, халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде ұлттық Дельфиилік кеңестер құрылды.  Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік  Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам  бағын сынады. 2005  жылдың маусым айында Қазақстанның Дельфиилік комитеті заңды тіркеуден өтті. Дельфийлік ойындарға қатысу және жеңімпаз атану ең жоғары деңгейде танылып, өзіңді мойындату деген сөз. Ойындарды өткізу Қазақстанның болашақ мәдени элитасын қалыптастыруға септігін тигізді. Келесі Төртінші Халықаралық Дельфи ойындарын Қазақстанда өткізу туралы Халықаралық Дельфи комитетінің директоры ұсыныс жасауы тегін болмаса керек. Себебі, Дельфи ойындары - қайырымдылық пен жасампаздық мұраттарын насихаттайтын жоғары өнер форумына айналғаны сөзсіз. Қазақстандық ойынға қатысушылардың халықаралық байқауда  жеткен жетістіктеріне келер болсақ, бірінші жастар арасындағы Дельфи ойындары Брянск қаласында 2002 жылы ұйымдастырылды. (Ресей Федерациясы), екінші –2004 жылы Кишинев қаласында (Молдова Республикасы), үшінші –2005 жылы Киев қаласында (Украина). Бұл жарыстарды біздің құрама келесі жетістіктерге жетті: 2002 жыл -1 алтын медаль, 1 қола медаль, 1 арнайы диплом; 2004 жыл - 1 алтын медаль, 2 күміс медаль, 6 қола медаль, 7 арнайы диплом; 2005 жыл - 1 күміс медаль, 5 қола медаль, 1 арнайы диплом. Дельфи ойындарының мақсаты Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында халықтардың мәдени мұраларын сақтай отырып, жастар арасындағы достықты және мәдениет аралық байланысты нығайту болып табылды. 2006 жылы Халықаралық Дельфи ойындары Қазақстанда, Астана қаласында өтті.  ТМД  елдерінің 10 мемлекетінен  600 қатысушы қатысқан болатын. Сондай-ақ,  2012 жылы да  Астана қаласында халықаралық ойын өз жалғасын тапты. 16 мемлететтен 1000-нан аса қатысушы өзара сынға түскен болатын.