25 Қазан, 2016

Назарбаев Сауд Арабиясымен экономикалық ынтымақтастық перспективаларын атады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапары аясында аталған елдің  іскерлік орта басшыларымен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Кездесуге әлемдік деңгейде жұмыс істейтін ірі саудиялық компаниялардың басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі саналатындығын баса айтты. «Бүгінгі күні біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы көлемін еселей түсуге зор мүмкіншілік бар. 2015 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымының көлемі 16,3 млн. долларды құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Саудия тарапының қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс істейді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің арасында экономикалық өзара қарым-қатынастың перспективалы бағыттарын да атап өтті. «Бұл - тау-кен металлургия өндірісі, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және исламдық банкинг, атом өндірісі және басқа да салалар», - деді Назарбаев.