25 Қазан, 2016

Қазақстан - Парадельфий ойындарын өткізетін алғашқы мемлекет

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  қараша айының 1-5 аралығында Степногорск қаласында ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтеді.  Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Парадельфий ойындарын өткізетін  болады.  Фортепиано, Скрипка, Баян/ Аккордеон, Ұлттық аспаптар (Домбыра, Прима-қобыз, қыл-қобыз), академиялық ән айту, дәстүрлі ән айту, халық биі, заманауи би, фотосурет, тележурналистика, қысқаметражды кино-бейнероликтер, өнертапқыш, киім дизайны, сәндік-қолданбалы өнер, ыммен ән орындау шеберлігі, ди-джей аталымдарынан бөлек, ойында ерекше қажеттілігі бар жандар  «Ым-ишарат тілінде ән айту» және «хореография» номинациялары бойынша бақтарын сынайды. «Ұлттық Дельфий ойындары комитетінің бастауымен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдени бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын. Бірақ, бүгінде ондай шараны халықаралық аренаға шығару идеясы туындап отыр. Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған байқаулар жоқ емес. Дегенмен, олардың барлығы тек арнайы мамандандырылған ортада ғана ұйымдастырылатыны да шындық. Ал, Дельфий ойынында ондай жандар қатарларынан қалыс қалмай, барлығымен тең дәрежеде сайысқа түсе алады. Айта кететіні, ТМД елдерінің ішінде Қазақстан «Прадельфийлік» идеясын ұсынған алғашқы мемлекет болып отыр», - дейді Қазақстандағы Ұлттық Дельфий комитетінің  директоры Құралай Түспекова. 2005 жылдың маусым айында Қазақстанның Дельфиилік комитеті заңды тіркеуден өтіп, 2006 жылдан бері жыл сайын елімізде дельфий ойындары өткізілетіндігін айтқан болатынбыз.