25 Қазан, 2016

Боб Арум Геннадий Головкин мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін ұйымдастырмақ

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мэнни Пакьяоның промоутері Боб Арум филипиндік боксшымен қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастырмақ ниетте, - деп хабарлайды egemen.kz tengrinews.kz - ке сілтеме жасап. Сәуір айында Пакьяо спортпен қош айтысқанын жариялаған болатын. Дегенмен, боксқа қайта оралып, 5 қарашада Лас-Вегаста Джесси Варгаспен кездесу өткізеді. "Егер Мэнни осы жекпе-жекті жақсы өткізсе, келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін", - дейді Арум. 2015 жылы Головкин Пакьяомен жекпе-жек өткізу арманы екендігін айтқан. Қазақстандықтың тағы бір қалауы ол жеңіліп көрмеген американдық кіші Флойд Мейвезермен қолғап түйістіру.