25 Қазан, 2016

Amiantit Group Назарбаевқа ризашылық білдірді

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Amiantit Group компаниясының вице-президенті ханзада Турки бен Мұхаммад бин Фахдпен кездесті. Кездесу барысында бұл компания Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық жағдай үшін ризашылық білдірді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында қазіргі өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелері қарастырылып, алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды. Су инжинирингіне және мұнай-газ саласына арналған құбыр шығаруға маманданған Amiantit Group компаниясының басшылығы елімізде қолайлы инвестициялық жағдай жасалып отырғаны үшін ризашылық танытты. Тараптар әріптестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.