27 Қазан, 2016

Бүгін еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27 қазанда Қазақстанның батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, шығыста бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең  жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, түнде жел соғады, күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.