Кеше «Алматы Арена» спорт кешенінің алаңында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың От жағу эстафеталық тесті өтті. Шара аясында ұйымдастырушылар алау жағудың техникалық даярлығын тексеріп, Универсиаданың алау құтысын жақты. Сондай-ақ, еліміздің 15 өңірінен ресми тасымалдаушы «Эйр Астана» компаниясы арқылы Алматыға жеткізілетін 15 алауды тасымалдауға арналған арнайы шыны сауытты тестілеуден өткізді.
Эстафеталық тестте Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. 30-дан аса аймақтық менеджер алау сақтаушыларының жұмысына бақылау жүргізді.
Алау сақтаушылар – бұл күшейтілген даярлық бағдарламасынан өткен 12 адамнан тұратын топ. Оқыту бағдарламасында топтың қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді етуге көмектесетін қоюшы-режиссермен жұмыс жасау қарастырылған. Тағы 15 адам Алматыда тура осындай даярлықтан өтіп, облыстарда жағылатын алаумен Алматыға оралу үшін эстафета өткізілетін күні аймақтарға бет алатын болады.
Универсиада эстафетасына даярлық тыңғылықты болуы үшін басты оқиғаның бағдарламасы бастан-аяқ қойылып шықты. Тек алауды жағу кезінде алғысөз арнайтын облыс әкімдерінің орнына ойдан шығарылған кейіпкерлер қатысты. Олар сценарий бойынша жағылған алауды ұстап бір шақырымға созылған жолды жүріп өтті.
Эстафеталық тесттің тағы бір маңызды бөлігі еліміз аймақтарында алау көтерушілерді іріктейтін байқаудың аралық қорытындысын шығаруға арналған. Жоғары оқу орнының әрқайсысына өз іріктеуін өзі өткізу мүмкіндігі берілген, олар республикалық комиссияға он үміткердің тізімін ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, Универсиада-2017 сайтында қалаған адамның анкетаны толтыру арқылы өзін үміткер ретінде ұсынып іріктеуден өтуге мүмкіндігі бар.
Эстафеталық тест – Универсиаданың бағдарламасындағы аса маңызды әрі ең алғашқы ресми шараның басты даярлық жұмысы. Ал Универсиада ойындарының эстафетасы 2017 жылдың 25 қаңтарында басталады. Универсиада алауы «Назарбаев Университетте» жағылып, артынша өзге 15 өңірде тұтанады. Соңынан барлық 16 алау біріктіріліп, Универсиада Алауы жағылады.
Меліс СЕЙДАХМЕТОВ
АЛМАТЫ

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53