28 Қазан, 2016

Хроника

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Владимир Яковлевич Бобровтың өкілеттігі тоқтатылды. * * * Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.