28 Қазан, 2016

ШҚО дәрігерлері интернет арқылы кеңес береді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында емделушілерге қашықтықтан кеңес беруді қолға алып отыр. Ол үшін phr.kz сервисі пайдаланылады, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап. Қазақстандағы жаңа phr.kz сервисі қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін немесе басқа да қажетті көрсеткішті білу, электронды картаға өз деректерін салу, интернет арқылы дәрігерден кеңес алу қызметтерін ұсынады. «Қазір барлық емделуші мен дәрігер интернетті пайдаланады, бірақ интернетте отырған кезде олар бір-бірімен «кездеспейді». Жаңа сервис арқылы ұзақ созылмалы ауруы бар азаматтар дәрігеріне жиі бармай, интернет арқылы қажетін сұрап алады», – деді ресейлік дәрігер Борис Зингерман. Дәрігердің жұмысы басынан асып жататындығын жақсы білеміз. Сондықтан, интернет арқылы қызметін жүргізе отырып, электронды кеңес бергені үшін ақша төленеді. Олар қашықтан кеңесті бос уақытында береді.