28 Қазан, 2016

«Үмiт» халықаралық байқауына 6 фильм ұсынылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ТМД елдерiнiң «Үмiт» кино форумына 6 қазақстандық фильм ұсынылып отыр. Халықаралық фестиваль Бiшкек қаласында 28-30 қазан аралығында өтедi, деп хабарлайды egemen.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап. «Жас режиссерлер фестивалi 2013 жылдан бастап ұлттық деңгейде өткiзiлiп келдi. Биылдан бастап байқауға халықаралық деңгей берiлiп отыр», - дейді «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясының директоры, «Үмiт» фестивалi дирекциясы жетекшiсiнiң орынбасары Гүлмира Керiмова. Халықаралық байқауда «Үздiк деректi фильм», «Үздiк қысқа метражды ойын фильмi» аталымдары бар. Жалпы, фестивальге ТМД-ның 12 елiнен 52 фильм ұсынылған. Қазақстан атынан 6 жас режиссер қатысады. Ойын киносы секциясына Шерхан Қуаналы «Фотограф» қысқа метражды жұмысымен қатысады. Деректi фильм секциясына Қымбат Тойшының «Ауыл тынысы», Аян Бөгебаевтiң «Заика», Константин Суровтың «Ведать», Серiк Сәрсенбаевтың «О, счастливчик» және Аруан Анарбаевтың «Продавец ностальгии» туындылары ұсынылған.