Қазақстан спортшылары Рио Олимпиялық ойындары мен Паралимпиадасында тарихта тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алғаннан кейін елімізде су спорты түрлеріне деген ынта-ықылас күрт арта түсті. Бұл бұрнағы күні Алматыда өткен республика су спорты түрлері федерациясының 6-шы есеп беру-сайлау конференциясында да ерекше атап көрсетілді.
Конференцияда федерацияның басшысы өзгерді. Жиынға қатысушылар оның жаңа президенті етіп Тимур Құлыбаевты бір ауыздан сайлады. Ол бұл қызметті 2008 жылдан бері атқарып келген Темірхан Досмұхамбетовті алмастырды.
Тимур Құлыбаев сонымен қатар, Азия Олимпиялық кеңесінің вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиялық комитетінің президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті болып табылады. Ал Қазақстан Жекпе-жек ұрыстары федерациясының президенттігінен жақында өзі босады. Оның ұсынысы бойынша бұл орынға Данияр Абулғазин сайланды.
Жиында Тимур Құлыбаев федерацияның жұмысы туралы есеп берушілерге бүгінде жұрттың бәріне белгілі болып отырған соңғы жылдардың табыстары жайлы қазбалай бермей, мәселенің жақын арада федерацияның араласуымен шешілуді тілейтін проблемалық жақтарына көбірек назар аударуды сұрады. Осыдан кейін сөйлеушілер саладағы материалдық-техникалық базаның нашарлығы немесе оның мүлде жоқтығы, маман кадрлардың тапшылығы және қаржы жетіспеушілігі туралы сөз қозғады.
Тимур Асқарұлының айтуынша, Қазақстанда су спорты түрлерін дамытудың ұзақ жылдарға арналған бағдарламасы болуға тиіс. Онда спортшыларды даярлаудың бастапқы кезеңінің рөлін көтеру, республика аймақтарында, бірінші кезекте Астана және Алматы қалаларында тиісті спорт ғимараттарын салу, су спорты түрлерін дамыту жұмысына бизнес құрылымдарын тарту мәселелері қарастырылуы керек.
Конференцияға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше