Орал қаласының тұрғыны, әлеуметтік сала қызметінің ардагері
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әлеуметтік салада қызмет жасадым. Ыстығы мен суығын өз басымнан өткергендіктен, сол уақыттағы жағдай мен мемлекет тарапынан халыққа қандай әлеуметтік көмек болғаны көз алдымда. Елбасының тапсырмасына орай, атаулы әлеуметтік көмек белгіленді. Басқа бірде-бір елде баламасы жоқ, тұрмысы төмен отбасыларға арналған осы бір қаржылық қолдау сол тұста оларға үлкен көмек болды. Қазір де осындай атаулы әлеуметтік-қаржылық қолдау бар, бірақ сол жылдармен салыстырғанда өте аз. Себебі, соңғы жылдары республикамызда жаңа жұмыс орындары көбейді. Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір отбасының барлық мүшесі жұмыссыз қалған болса, қазір бұл көрініс келмеске кетті, жұмыссыздар күрт азайды. Батыс Қазақстан облысы Гүлнар ПАРМАНОВА,Тараз қаласының тұрғыны
2000 жылы Жамбыл облысында бар-жоғы 15 мәдениет үйі мен клуб болған екен, қазір – 199. Ал 1999 жылы 21 ғана кітапхана болса, бүгінгі таңда – 287. Яғни, қазір Жамбыл өңірінің өнері мен мәдениеті ерекше өркендеді. 545 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бұл – Тәуелсіздіктің тартуы. Тәуелсіздік туы желбірегелі бері Жамбыл облысында 92 жаңа білім нысаны іске қосылған. Оның 71-і мектеп, 20-сы балабақша, 1-еуі колледж. Осының арқасында 46 тозығы жеткен, 8 үш ауысымды, 10 орын тапшылығы бар, 7 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан мектептер мәселесі шешілді. Тәуелсіздік жылдары тек Тараз қаласының өзінде 11 мектеп, 56 мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс балалар шығармашылығы орталығы, алты денсаулық нысаны, бір мәдениет және алты спорт кешені пайдалануға беріліпті. Әрине, бұл жағдайлардың бәрі – Елбасының ел болашағына жасап отырған үлкен қолдауы, қамқорлығы. Жамбыл облысы