29 Қазан, 2016

Жұмыс қорытындысы шығарылды

304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Таллиндегі Достастыққа қатысушы елдердің Темір жол әкімшілігі кеңесінің 65-отырысына қатысты, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі. Таллинге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина темір жол әкімшіліктерінің бас­шылары мен Кеңестің қауымдастық мү­ш­елері – Болгария, Грузия, Латвия, Финляндия темір жол әкімшіліктерінің бас­­шылары да қатысты. Отырыста Кеңестің 64-отырысы ше­шім­­дерінің орындалу нәтижесі мен те­мір жолдарды пайдаланудың 2016 жылғы тоғыз айының қорытындысы қаралды. Оның ішінде, пойыздардың қозғалыс кестесі, жүк пойыздарын және халықаралық бағдардағы контейнерлік вагондарды жасақтау жоспары, жүк вагондары тізімін жасау, контейнерлік вагондардың мамыр – қыркүйек айла­рын­дағы тізімдерін түзудің алдын ала қо­ры­тындысын шығару жұмыстары тал­қы­ланды. Сонымен қатар, қатысушылар 2016 жылдың тоғыз айындағы темір жол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айы­рысу туралы ақпараттармен алмасты. Темір жол көлігін тоқтаусыз жүргізу, Достастыққа қатысушы елдер арасындағы темір жолдармен жолаушы және жүк по­йыздарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ондаған мәселе қаралып, келісілді. Отырыста ТМД елдері темір жол желілеріндегі биылғы тоғыз айда жүк тиеу жоспары өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8, 3 млн тоннаға артығымен орындалғаны көлденең тартылды. Тиелген жүктердің жалпы көлемі 1 млрд тоннаға жеткізілген, ал жүк айналымы 0,6%-ға өскен. Міндеттемесін асыра орындаған темір жол әкімшіліктерінің ішінде «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ та бар. Ол міндеттемесін 2 пайызға асыра орындады. Биылғы жылдың тоғыз айында жүк­тер­ді контейнерлік тасымалдау жоспары өткен жылмен салыстырғанда 1,7 миллион тоннаға артығымен орындалды. Ал мемлекетаралық түйісу нүктелеріндегі қабылданбаған жүк вагондарының жалпы көлемі 21%-ға азайды. Отырыста 2016-2017 жылдардағы халықаралық вагон ағым­дарын реттеу уақыты пойыздардың 2016 жылғы 11 желтоқсандағы жүру кес­те­сімен сәйкестендірілді. Таллинде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қ.Алпысбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті О.Белозеровпен, Беларусь темір жолының бастығы В.Морозовпен көліктік-логистикалық шараларды бірлесіп ұйымдастыру жайын ақылдасты. Сондай-ақ, базалық контейнерлік қызмет көрсету, қозғалыс жылдамдығын өсірудегі тариф саясаты мәселелері талқыланды. Со­ны­мен қатар, Қ.Алпысбаевтың Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Литва елдері арасындағы жүк тасымал­дау көлемін арттыру мақсатында қолайлы жағ­дайлар жасауға арналған өзара кездесулері өткізілді. Достастыққа қатысушы елдер Темір жол әкімшіліктері кеңесінің 66-отырысын 2017 жылғы мамырда Ресейде өткізу келісілді.