29 Қазан, 2016

Аудит жүйесінің жайы талқыланды

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сенатта «Ревизиялық комиссиялардың жаңа мемлекеттік аудит жүйесіндегі қызметі» күн тәртібі бойынша «Өңір» депутаттық тобының отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жаңа аудит пен мемлекеттік аппарат жұмысын бағалау жүйесін енгізу көзделгенін атап өтті. С. Громовтың айтуынша, бақы­­­лау­­дың бұрынғы жүйесі мемле­кеттік басқарудың тиімділі­гін арт­тырудың талаптарына сай келме­ді, мемлекеттік орган­дар қызметінің тиімділігін тәуелсіз бағалау болған жоқ. Төраға орынбасары жаңа заңда мемлекеттік аудит және қаржы­лық бақылау ұғымдарын, оның қағи­даттарын, міндеттері мен құралдары айқындалғанын, бұрынғы жүйедегі кедергілер жойылғанын атап өтті. Сенатор Ольга Перепечина өзінің баяндамасында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңды жоғары деңгейде іске асыруға кедергі келтіріп отырған мәселелер мен осы саладағы заңнаманы келешекте одан әрі жетілдіруге жан-жақты тоқталды. Сенатор қызмет және кәсіби этика бұзылған жағдайда, дәйексіз аудиторлық есеп әзірлеу немесе тәртіп бұзушылық деректерін жасыру, сондай-ақ, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше мәрте бұзу орын алған болса, мемлекеттік аудитордың сертификатын Ұлттық сертификаттау комиссиясынан алдыру рәсімін реттейтін ережені заңға енгізу қажет деп санайды. Аймақтардағы ревизиялық комис­сия­лардың қызметі туралы Рес­пуб­ликалық бюджеттің атқары­луын бақылау жөніндегі есеп ко­митетінің мүшесі Александр Горяинов пен Қара­ғанды об­лысының ревизиялық комис­­сия­сының төрағасы Серік Өтешов ха­бар­­дар етті. Парламент Сенатының депу­­тат­тары Рашит Ахметов, Серік Ақыл­­бай, Төлеу­бек Мұқашев, Ас­хат Кү­­зеков, Бекмырза Ела­ма­нов, сондай-ақ, облыстық ревизия ко­мис­сиялары­ның өкілдері пікір­сайысқа қатысты.