2015 жылғы 26 тамыз, Астана қаласы
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара
саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Мыналар:
1) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Кеден одағына мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы №20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9903 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы Ә.СМАЙЫЛОВ
Мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
құпиялылығына кепілдік береді Статистика комитеті төрағасының
Конфиденциальность гарантируется 2015 жылғы 26 тамыздағы №130 бұйрығына 1-қосымша
органами государственной статистики Приложение 1 к приказу Председателя Комитета по статистике
Жалпымемлекеттік статистикалық Министерства Национальной экономики Республики Казахстан
байқаудың статистикалық нысаны от 26 августа 2015 года №130
Статистическая форма общегосударственного
статистического наблюдения
Аумақтық статистика органына тапсырылады
Представляется территориальному органу статистики
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz
сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить
на сайте www.stat.gov.kz
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына
дәйексіз деректерді ұсыну және алғашқы
статистикалық деректерді тапсырмау
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейін
до 1 часа 1-2 2-4 4-8 8-40 40 сағаттан артық
более 40 часов
Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында
көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
Статистикалық нысан коды 1801101
Код статистической формы 1801101
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп
Отчет о взаимной торговле товарами c государствами-членами Евразийского экономического союза
1-ТС
Айлық
Месячная Есепті кезең
Отчетный период ай
месяц жыл
год
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар тапсырады.
Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, индивидуальные предприниматели, а также физические лица, осуществляющие экспорт и (или) импорт с государствами-членами Евразийского экономического союза.
Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 3-ші күні.
Срок представления – 3-го числа после отчетного периода.
БСН коды
Код БИН ЖСН коды
Код ИИН
1. Экспорттаушы (импорттаушы) бойынша ақпаратты толтырыңыз
Заполните информацию по экспортеру (импортеру)
Жол коды
Код строки Экспорттаушының (импорттаушының) атауы1
Наименование экспортера (импортера) Ел коды2
Код страны Тіркелген орны бойынша аумақтың коды3 (облыс, қала)
Код территории по месту регистрации (область, город) Мекенжайы
Адрес СТСН коды4
Код ИНН ТЕН коды5
Код УНП Өткізу бағыты (экспорт болса - «1», импорт болса - «2» қойылады)
Направление перемещения (при экспорте проставляется - «1», при импорте - «2»)
A B C D E F G H
1
2
3
Ескертпе:
Примечание:
1 ЕАЭО мүше мемлекеттері экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша толтырылады.
Заполняется по экспортерам (импортерам) государств-членов ЕАЭС.
2 Заңды тұлғалар бойынша заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар бойынша – тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
По юридическим лицам указывается полное наименование юридического лица, по физическим лицам и индивидуальным предпринимателям – фамилия, имя, отчество (при его наличии).
3 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Заполняется в соответствии с Классификатором стран мира, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
4 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған ЕАЭО елдері аумақтарының анықтамалықтарына сәйкес толтырылады.
Заполняется в соответствии с справочниками территорий стран ЕАЭС, размещенных на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
5 СТСН – Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі қойылады.
ИНН – по экспортерам (импортерам) Российской Федерации, Республики Армении, Кыргызской Республики проставляется идентификационный номер налогоплательщика.
6 ТЕН – Беларусь Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша төлеушінің есептік нөмірі қойылады.
УНП – по экспортерам (импортерам) Республики Беларусь проставляется учетный номер плательщика.
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
2. ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара сауда бойынша деректерді толтырыңыз
Заполните данные по взаимной торговле с государствами-членами ЕАЭС
р/с
№
№
п/п 1-бөлім жолының коды
Код строки раздела 1 ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлар атауы7
Наименование товаров по
ТН ВЭД ЕАЭС ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Код
ТН ВЭД ЕАЭС Сатушы ел8
Торгующая страна Жөнелтуші ел
Страна отправления Шығатын елі
Страна происхождения Межелі елі
Страна назначения
коды
код атауы
наименование коды
код атауы
наименование коды
код атауы
наименование коды
код атауы
наименование
А B C D 1 2 3 4 5 6 7 8
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе:
Примечание:
7 Мұнда және бұдан әрі ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы, D бағаны бойынша 10-таңбалы коды көрсетіледі (жіктеуіш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында, «Жіктеуіштер» бөлімінде орналастырылған).
Здесь и далее ТН ВЭД ЕАЭС – Товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза, по графе D указывается 10-ти значный код (классификатор размещен на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz, раздел «Классификаторы».)
8 1,3,5,7-бағандарда елдер коды және 9-бағанда шекарадағы көлік түрінің коды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Әлем елдерінің жіктеуішіне және Көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің жіктеуішіне сәйкес қойылады.
Коды стран по графам 1,3,5,7 и код вида транспорта на границе по графе 9 проставляются в соответствии с Классификатором стран мира и Классификатором видов транспорта и транспортировки товаров, размещенных на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
р/с
№
№
п/п 1-бөлім жолының коды
Код строки раздела 1 Шекарадағы көлік түрінің коды
Код вида транспорта на границе Жеткізу шарттарының коды9
Код условия поставки Таза салмағы, килограмм
Вес нетто, килограмм Қосымша өлшем бірлігі
Дополнительная единица измерения Фактуралық құны, теңге
Фактурная стоимость, тенге
коды10
код саны
количество
А B 9 10 11 12 13 14
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе:
Примечание:
9 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында, «Негізгі» бет, «Ресми статистистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Заполняется в соответствии с Классификатором условий поставки, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
10 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Өлшем бірліктерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Заполняется в соответствии с Классификатором единиц измерения, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
р/с
№
№
п/п 1-бөлім жолының коды
Код строки раздела 1 Статистикалық құны
Статистическая стоимость Тауарларды өткізу ерекшелік-
терінің коды12
Код особенности перемещения
товаров Келісімшарт нөмірі және күні (шарт, шот-фактура және тағы басқалары)
Номер и дата контракта (договора, счета-фактуры и другие) Өткізу бағыты (экспорт болса - «1», импорт болса – «2» қойылады)
Направление перемещения (при экспорте проставляется «1», при импорте - «2»)
АҚШ
доллары11
доллары США теңге
тенге нөмірі
номер күні
дата
А B 15 16 17 18 19 20
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе:
Примечание:
11 АҚШ доллары – Америка Құрама Штаттарының доллары.
Доллары США – доллары Соединенных Штатов Америки.
12 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі» бет, «Ресми статистистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
Заполняется в соответствии с Классификатором особенностей перемещения товаров, размещенном на Интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан www.stat.gov.kz страница «Главная», раздел «Официальная статистическая информация (по отраслям)», подраздел «Внешняя и взаимная торговля».
Қажет болған жағдайда қосымша беттерде жалғастырыңыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.
Атауы Мекенжайы
Наименование_________________________________ Адрес _______________________________________
_____________________________________________ _____________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
Адрес электронной почты _______________________ Телефоны ___________________________________
Алғашқы деректерді жариялауға келісеміз Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз
Согласны на опубликование первичных данных Не согласны на опубликование первичных данных
Орындаушы
Исполнитель __________________________________ ____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефоны
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Бас бухгалтер
Главный бухгалтер _____________________________ ____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы
Руководитель __________________________________ _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 тамыздағы №130 бұйрығына 2 қосымша
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) (бұдан әрі – статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар және терминдер осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) ЕАЭО өзара саудасы (бұдан əрі – өзара сауда) – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда;
2) сатушы ел – аумағында тауарды сатып алған немесе сатқан заңды немесе жеке тұлға тіркелген (тұрақты тұратын) ел;
3) СИФ (құн, сақтандыру, фрахт Инкотермс 2010) – тауарды жеткізу шарты, оған сəйкес тауар бағасына оның құны мен сақтандыру жəне тауарды импорттаушы – ел портына дейін тасымалдау бойынша шығыстар қосылады;
4) тауардың жөнелтуші елі – тауарды халықаралық тасымалдауды бастаған, көліктік (тасымалдау) құжаттарында мәліметтер көрсетілген ел;
5) тауарлар импорты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің материалдық қорларын көбейтетін, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарларды əкелу;
6) тауардың межелі елі – тауарды тұтынатын, қолданатын немесе қайта өңдейтін мемлекет;
7) тауардың статистикалық құны – Америка Құрама Штаттарының долларында (бұдан әрі – АҚШ доллары) көрсетілген, бағаның бірыңғай базисіне келтірілген (экспортталатын тауарлар үшін ФОБ бағасының типі, импортталатын тауарлар үшін – СИФ бағасының типі бойынша) тауар құны, қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады;
8) тауарлар экспорты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің материалдық қорларын азайтатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды əкету;
9) тауардың шығарылған елі – тауар толық өндірілген немесе ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге немесе тəртіптерге сəйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ел;
10) фактуралық құн – құны мәмілеге қосылуы немесе одан алынып тасталуы тиіс басқа да төлемдер есепке алынбауы мүмкін сатушыға тікелей ақшалай төлем;
11) ФОБ (кеме бортында еркін Инкотермс 2010) – тауарды жеткізу шарты, оған сәйкес тауар бағасына оның құны мен тауарды кеме бортына жеткізу жəне тиеу бойынша шығыстар қосылады.
3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасында серіктес елдер болып мыналар саналады:
импорт кезінде – тауарды жөнелтуші ел;
экспорт кезінде – тауардың межелі елі;
Тауарлар импортын есепке алу егер тауардың шығарылған елі белгісіз, сондай-ақ тауардың шығарылған елі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірі болған жағдайларда жөнелтуші ел бойынша жүргізіледі.
Тауарлар импортын есепке алу, егер шығарушы ел және жөнелтуші ел белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.
Тауарлар экспортын есепке алу, егер межелі елі белгісіз болса сатушы ел бойынша жүргізіледі.
Өзара сауда статистикасындағы тауарлардың импорты мен экспортын есепке алу: импорттау кезінде – тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтінде жүргізіледі.
Құбыр-жол көлігімен (мұнай, газ және тағы басқаларды) және электр таратушы желілермен тасымалданатын тауарлар импортын және экспортын есепке алу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамаларында және (немесе) халықаралық келісімшарттарында – белгіленген тәртіпке сәйкес оларды тасымалдаудың және декларациялаудың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
4. Өзара сауда бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан басқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына шығарылатын барлық тауарлар есепке алынады.
5. 1-бөлімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экспорттаушылары (импорттаушылары) бойынша ақпарат толтырылады, яғни Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары тауарлық-жөнелтпе құжаттарында тауарды жөнелтушілер немесе алушылар деп көрсетілетін ЕАЭО елдерінен өз серіктестері бойынша ақпаратты көрсетеді. Мынадай мәліметтер көрсетіледі: А – бағанында – ЕАЭО-дан серіктестері бойынша реттік нөмірі қойылады, B – бағанында – заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, С – бағанында – Әлем елдері жіктеуішінің коды, D – бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Негізгі бет», «Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған ЕАЭО мүше мемлекеттері аумақтық анықтамалығына сәйкес ЕАЭО бойынша аумақтың коды, E – бағанында – заңды тұлғалар үшін нақты тұратын жерінің мекенжайы, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалардың нақты тұратын мекенжайы, F – бағанында – Ресей Федерациясы, Армения Республикасы және Қырғыз Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) коды, G – бағанында – Беларусь Республикасы экспорттаушылары (импорттаушылары) үшін төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) коды, H – бағанында – өткізу бағыты (экспорт болса –«1», импорт болса – «2» қойылады).
6. 2-бөлім бойынша деректер 1-бөлімде көрсетілген сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушылары экспорттаушылар (импорттаушылар) бойынша ақпарат сияқты тізбектілік бойынша толтырылады. Мұның өзінде, 2-бөлімнің В-бағанында 1-бөлімнің А-бағанында көрсетілген тауарлардың бөлінісінде сыртқы экономикалық қызметтің Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және (немесе) Беларусь Республикасы қатысушысының реттік нөмірі қойылады.
2-бөлімде тауардың реттік нөмірі А-бағанында қойылады. Осылайша, егер сыртқы экономикалық қызметтің Ресей Федерациясы қатысушысымен келісім шарт бойынша (1-бөлімде реттік нөмірі «1») тауарлар 3 түрлі атаумен импортталған болса, онда 2-бөлімде В-бағанындағы барлық үш тауар бойынша «1» қойылады.
2-бөлімнің С жəне D бағандарында тауарлардың атауы мен кодын толтыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) жіктеуіші қолданылады (Комитеттің Интернет-ресурсында «Жіктеуіштер» бөлімінде орналастырылған).
Осы бөлімде экспортталған және импортталған тауарлардың барлық тізбесі көрсетіледі. Мұның өзінде деректер әр тауар бойынша толтырылады.
Экспортталған (импортталған) тауарлар көлемі шектелмеген болуы мүмкін. Сондықтан 2–бөлімнің барлық бағандары (А, В, С, D, 1 – 20) әр тауарға толтырылады.
2-бөлімді толтыру кезінде Комитеттің Интернет-ресурсындағы «Негізгі» бет, «Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша)» бөлімі, «Сыртқы және өзара сауда» ішкі бөлімінде орналастырылған жіктеуіштер пайдаланылады.
1, 3, 5, 7-бағандарда Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес әлем елдерінің кодтары көрсетіледі.
9-бағанда Көлік және тауарларды тасымалдау түрлері жіктеуішіне сәйкес шекарадағы көлік түрінің коды келтіріледі.
10-бағандағы кодтар Жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
11-бағанда тауар салмағы килограммен көрсетіледі. Көрсетілетін мəн егер тауарлардың салмағы бір килограмнан артықты құраса, тұтас шамаға дейін дөңгелектенеді. Егер тауардың салмағы елеусіз болса, онда мəн үтірден кейінгі алты белгіге дейін дəлдікпен көрсетіледі.
13-бағанда тасымалданған тауарлардың атауы ЕАЭО СЭҚ ТН-да көзделген қосымша өлшем бірліктерде (дана, литр, текше метр жəне басқа) және Өлшем бірліктердің жіктеуішінде келтіріледі. Егер ЕАЭО СЭҚ ТН-да тауардың белгілі бір коды үшін қосымша өлшем бірлігі қарастырылмаған болса, онда сол тауар бойынша 12 және 13 – бағандар толтырылмайды.
Тауарлардың статистикалық құны (15-баған) АҚШ долларымен бекітілген шарт (келісімшарт, шот-фактура және (немесе) тауарлардың басқа да ілеспе құжаттары) негізінде толтырылады.
Экспортталатын тауарлар үшін ФОБ бағасының типі бойынша бағасына, импортталатын СИФ бағасының типі бойынша бағасына тауарлардың статистикалық құны АҚШ долларымен көрсетіледі. АҚШ доллары құнын қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады.
14 және 15-бағандарда тауарды импорттау кезінде, тауардың қоймаға келіп түскен сəтінде, экспорттау кезінде – тауарды қоймадан тиеу сəтіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валютадағы бағам қолданылады.
Бағамды ұлттық валютаға қолданудың жоғарыда аталған шарттары тауарларды жеткізудің барлық шартында қолданылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағаның ұлттық валютаға теңгенің бағамы импортталатын тауарларды есепке алу сәтіндегі ілеспе құжаттарға сәйкес қолданылуы мүмкін.
17-бағандағы кодтар Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің жіктеуішіне сәйкес келтіріледі.
18 және 19-бағандарда ЕАЭО-ға мүше елдердің сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары арасындағы экспортты-импорттық операцияларды жүргізуі кезінде рәсімделетін келісімшарттың (шот-фактура) және өзге де құжаттың нөмірі (сандық және (немесе) әріптік символдар) мен күні көрсетіледі.
20-баған бойынша өткізу бағыты (экспорт болса – «1», импорт болса – «2» қойылады) көрсетіледі.
Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе электрондық форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық форматта толтыру Комитеттің Интернет-ресурсындағы (www.stat.gov.kz) «Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау» бөлімінде орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
7. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1. 1-бөлім:
С бағаны бойынша тек RU, BY, AM, KG болуы керек. Егер С бағаны = RU, AM, KG болса, онда СТСН толтырылады, ТЕН толтырылмайды. Егер С бағаны = BY болса, онда ТЕН толтырылады, СТСН толтырылмайды;
F бағаны = 999999999999 таңба;
G бағаны= 999999999 таңба;
баған бойынша ТЕН кодының бірінші саны Беларусь Республикасы бойынша аумақ кодын білдіреді.
2. 2-бөлім:
Егер баған 12 > 0, онда бағанда 13 > 0;
экспорт кезінде 16 баған < 14 бағаннан;
импорт кезінде 16 баған > 14 бағаннан;
егер баған 20 > 0, онда А, В, C, D бағандары 1-19 > 0.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12116 болып енгізілді.