29 Қазан, 2016

Алғашқы кездесуде Жұман Жұмабеков нокаутпен жеңді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-10-umabekov «Алматы-Арена» спорт сарайында қазір ғана кәсіпқой бокс кеші басталды. Алғашқы кездесуде Қазақстан боксшысы Жұман Жұмабеков беларусь Владимир Ивановпен бокстасып, бірінші раунда жеңіске жетті. Ивановтың соққыларға жауап бере алмауына байланысты төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Жұмабековтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі болатын. Одан кейін әуесқой бокстағы үлкен жеңістерге жеткен Айдар Шәрібаев 6 раундтық рейтингтік жекпе-жекке көтерілді. Бұлардан басқа бүгін рингке Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаевтар шығады. Ал кездесудің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен WBO Intercontinental чемпиондығы үшін айқасқа түседі.